ОРАЛДЫҚ АЗАМАТТЫ МИКРОҚАРЫЗҒА БАТЫРҒАН АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ
Таяуда Шаған полиция бөлімінің сақшылары жыл басында бірнеше эпизодты алаяқтыққа жол берген күдіктіні құрықтап, қылмыстық іске қатысты материалдар жиналды, іс тергелді.

Орал қаласы Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 1997 жылғы Теректі ауданының тумасы Орал қаласы аумағында 1994 жылғы Р.есімді азаматтың сеніміне кіріп, ғаламтор жүйесі арқылы бұл азаматтың анкеталық мәліметтерін пайдаланып, бірнеше мәрте «Көке. kz» сайты арқылы микроқарыз алған. Ең бірінші Р.есімді азаматқа әлеуметтік желідегі хабарландыру бойынша телефон шалған. Сосын өзіне ұнаған күртешені сатып алуы үшін, ақша жіберу мақсатында бейтаныс азаматтың банк карточкасының деректерін сұрап алған. Ойында ештеңе жоқ азамат еш ойланбастан карточкасының алдыңғы және екінші бетіндегі сандарын айтқан. Ал, бұл іле-шала жымысқы ішкі ойын жүзеге асырмаққа бел шешкен. Келесі ретте осы азаматтың атын жамылып, жеке бас деректерін пайдаланып, 80 мың теңге қарыз алған. Екінші мәрте атын жамылып, 100 мың теңге микроқарыз алған. Үшінші рет 40 мың, одан соң 10 мың, 50 мың қарыз алып бейтаныс азаматтың мойынына қарыздарды іле берген. Осылайша, бір тәулік ішінде бейтаныс кісінің мойнына сыртынан алты қарыз іліп, ізін суытпақ болған.
Жедел уәкілдердің кәсіби шеберлігі мен тынымсыз іздестіруі нәтижесінде бұл күдікті ұсталып, қылмыстық іс тергелді. Ол бейтаныс азаматқа 300 мың теңгеге жуық материалдық шығын келтірді . Қарызға алған қаражаттарды күнделікті өз қажетіне жаратып, жойғанын шағандық сақшылардың алдына келгенде мойындады.
Шаған Пб Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлімі, 4-тармағына сай 6 эпизодты қылмыстық істі тергеп, аяқтады. Алдағы күндері алаяқтықты кәсіпке айналдырмақ болған 1997 жылғы М.есімді тұлға заң алдында жауапқа тартылады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу