ОРАЛДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 104 ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
2020 жылдың 7 айында Орал қаласы аумағында 1086 ұрлық фактісі тіркелді. Соның 611-і ашылған. Осы деректердің ішінде пәтер ұрлығы бойынша 104 факті тіркелген. Полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберліктері мен қырағылықтары нәтижесінде 50 факті ізі суымай ашылды (2019 жылдың 7 айында 173 пәтер ұрлығы тіркелді, соның 54-і ашылды). Бұл туралы Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Орал қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің берген мәліметтеріне сүйенсек, көп жағдайда ұрылар кілттерді үйлестіріп ашу арқылы және пластик терезелерді ішке қарай итеріп ашу арқылы үйге кіреді екен. Сонымен қатар үй құрылыстары жүріп жатқан, нысанның құрылысы әлі аяқталып бітпеген, қожайындары көшіп бармаған жаңадан салынған тұрғын үйлерді ұрылар жиі нысанаға алады. Себебі, әлбетте, тұрғын-жай қараусыз тұрады, ол үйді қарауылдап күзетіп төңірегінің қауіпсіздігін қадағалайтын күзетші болмайды, сигналдық жүйелері де әп дегенде орнатылмайды. Сол себепті, соңғы кездері жаңадан салынып құрылысы мен жөндеу жұмыстары аяқталмаған үйлерге ұры түсу фактілері көбейді.
– 2020 жылдың 26 маусымында, сағат 17.30-да Орал қаласы аумағында тағы бір пәтер ұрлығы тіркелді. 1989 жылғы еш жерде жұмыс жасамайтын Теректі ауданының тұрғыны Орал қаласы, Охотный көшесіндегі бір жер үйдің пластик терезелерін ішке қарай итеріп ашып, үйге кірген. Қолына ең бірінші ілінген корпусы қара түсті «Самсунг» маркалы телевизорды ұрлап, үйден шығып кеткен. «Телевизорың құны 120 мың теңге еді, өзім сатып алғанмын» деген үй иесі басқармаға арыз жазды. Бүгінгі күні күдікті пәтер ұрлығына жол бергенін мойындады, ұрлаған телевизорды сатып жіберіп, сатқан ақшаны өз қажетіне жаратқан. Маусым айында Орал қ.ПБ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабының 3 тармағымен қылмыстық іс қозғап, іс тергелді, – дейді басқарманың баспасөз хатшысы Гүламан Исмағұлова.
Пәтер ұрлығының жолын кесу мақсатында полиция қызметкерлері жәйлі пәтерлі үй мен жер үй секторы тұрғындарының дабылдатқыш қондырғыларын орнатып, терезелерді темір қоршаумен бекітулерін сұрайды.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу