8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Ақпан 2021 1245 0
Қоғам

ОРАЛДА ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ ҮШІН 100 ЖАҢА АВТОБУС АЛЫНАДЫ

Бүгін, 16 ақпан күні Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков халықпен онлайн есептік кездесуде  биыл қала көшелерін жөндеу жұмысы бойынша жоспарланған жобаларға және автобус паркінің жаңартылуына тоқталды. 

 

Кейінгі жылдары Орал қаласында жолдардың жағдайын жақсарту мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Өткен жылы 65 шақырымды  құрайтын 55  көшенің жолы жөнделді. Былтырдан жалғасқан 13 объект бойынша, яғни барлығы 16,7 км жолды жөндеу жұмыстары биыл аяқталады.  Мұның ішінде Деркөл кентіндегі Сарыарқа шағын ауданы мен Зашаған кентіндегі Сарытау шағын ауданына жол салу жұмыстары да бар. Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 44 шақырым болатын 33 көшені күрделі жөндеуден өткізу үшін құжаттамалары дайындалуда.

Қалада 29 қалаішілік, алты  қала маңындағы елдімекендерге қатынайтын және  10 саяжай бағыты бойынша маршруттар бар. Өз баяндамасында қала әкімі биыл автобус паркін жаңарту назарда екенін атап өтті.

–  Биыл жеке инвестициялар есебінен, тиісті мемлекеттік қолдаудың көмегімен қаланың автобус паркін жаңарту мақсатында 100 шақты жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, барлық қалалық маршруттарда тарифтерді электронды жинау жүйесін енгізу бойынша дайындық жұмыстары басталды, – деді Абат Абайұлы. 

 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»