8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Наурыз 2021 1934 0
Қоғам

ОРАЛДА ЖАС КЕЛІНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

8-наурыз – халықаралық әйелдер мерекесіне орай Орал қаласында «Әлем сұлу әйелмен» атты жас келіндер байқауы өтті. Қаламыздың жас келіндерін халыққа таныстырып, жанұядағы ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты келіннің орны ерекше екендігін насихаттау мақсатындағы байқауды Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Жастар мәдениет үйі  ұйымдастырды. 

Аталмыш байқауға 6 келін қатысты. Олар екі кезең бойынша байқау сынынан өтті.

3 наурыз күні өткен байқаудың алғашқы кезеңінде қатысушылар тұрмыстық шеберліктерін көрсетті. Бұл күні Орал «Сервис» технологиялық колледжінің базасында жиналған үміткерлер тиянақты әрі ұқыпты етіп жайма жайып, тәтті бауырсақ пісірді.

4 наурызда  жалғасын тапқан жас келіндер байқауының екінші кезеңінде үміткерлердің шығармашылық жұмыстары сарапқа салынды.

Бұл кезең «Сәлем – сөздің анасы» бөлімінен басталып, үміткер келіндер арнайы дайындалған бейнеролик арқылы өздерін таныстырды. «Өнерлі келін сүйкімді» бөлімінде қатысушылар өз  өнерлерін паш етті. Олардың бірі тәлім мен тәрбие ұштасып жатқан мағынасы зор ән шырқаса, тағы бірі би биледі. Көркемсөздерді мәнерлеп оқып, қолөнер түрлерінің жасалу тәсілдерін көрсеткендер және ішек қарыннан өрім жасағандар да болды.  Ситуациялық сұрақтар қойылған «Ойлы  болсаң, озып көр» бөлімі келіндердің  салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар туралы білімдерін сынға салды. Келіндердің шеберлігі мен ептілігі сыналған тағы бір кезең  – ұршық иіру. Қазылар келіндердің ұршық иірудегі жылдамдықтарымен қатар, бірізді тегіс иірілуі мен жіптің ұршыққа жиналуына назар аударды.

Сайыс «Қылығына сай екен киімдері-ай» турымен қорытындыланды. Сымбатына сәні келіскен келіндер сахна мәдениетін сақтап, шынайы қазақы сұлулықты танытатын бірден-бір нышан қазіргі заманға лайықталған ұлттық киімдерден сән үлгісін көрсетті.

Екі күн бойына қазылар құрамы жас келіндердің әдебі, отбасылық қарым-қатынастағы ибалылығы, тұрмыстық шеберлігі мен өнерін жан-жақты сараптап, жеңімпаздарды анықтады.  Осылайша, бас жүлдеге Өтеғалиевтер әулетінің  келіні – Гүлнұр Өтеғалиеваны лайық деп тапты. Гүлнұр –  әулетте  үлгілі келін, ақылды ана, сүйікті жар және ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүрген педагог. Қазіргі уақытта ол Орал қаласындағы №20 орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі қызметінде.

Бірінші  орын – Алабасовтар әулетінің келіні  – Ару Хабдоллаға берілді. Екінші орынды – Хасановтар әулетінің  келіні – Перизат Ермекбаева мен Рахметуллиндер әулетінің  келіні – Айымгүл Таскенова иеленді. Үшінші орынның жүлдесі  Гүлзада Балтөреева мен Нұрзия Оразаәлиеваға ұсынылды.

Байқау барысында Жастар мәдениет үйінің әншілері Азат Қабиев, Рүстем Хафизов, Тараз Жауынбаев, Рустем Кереевтер, Әсел Кажимова, Аэлита Ерсайынова мерекелік әндерінен шашу шашты. Жастар мәдениет үйінің директоры Медет Мерғалиев қатысушыларға алғысын білдіріп, мерекемен құттықтап, қазылар алқасына гүл шоқтарын ұсынды.

Айта кетейік, Жастар Мәдениет үйі әйелдер мерекесі  қарсаңында келіндер байқауын ұйымдастыруды дәстүрге айналдыруда. Өткен жылы бұл байқауға 10  келін қатысқан болатын.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
76 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
342 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
601 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
840 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
877 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1030 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1224 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1459 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1544 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1654 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1662 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1692 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1697 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1800 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2021 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2328 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»