8 (7112) 50-86-31
Ғұмар Қараш 33/2, 2-қабат zhaik_yni@mail.ru

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны басталды!  Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны басталды!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың ІІ жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

 

 

15 Қараша 2019 826 0
Жалын

ОРАЛДА ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Оралда жас ақындар айтысы өтті. «Жастар жылы» аясында «Жас Отан» жастар қанаты БҚО филиалы мен Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы ұйымдастырған айтыс «Жырласа, жастар жырласын» деп аталды. Ақындар сөз орамдарына арқау еткен басты тақырып – айбыны асқақ азаттығымыздың 28 жылдығы.

Айтысқа 14 ақын қатысты. Олар – республикалық, облыстық ақындар аламанына шығып жүрген жас ақындар және тұсауы осы айтыста кесілген студенттер мен мектеп жасындағы өрендер.

Жеті жұптың өнеріне «Ақберен» жас ақындар мектебінің жетекшісі Талап Қуаныш, бірнеше республикалық айтыстың жүлдегерлері Жансая Мусина мен Талғат Мықи және «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиевтен құралған  қазылар алқасы баға берді. Қадыр орталығына жиналған жұртшылық қиқулап ақындардың шабытын шақырып отырды.

Айтыстың алғаш бастаған №42 «Ақ ниет» гимназиясының оқушысы Әділ Ахметов пен Ақжайық ауданынан келген оқушы Дінмұхаммед Зинеш. Бұл жұпта бұған дейін де сөз аламанына шығып жүрген Әділдің бәсі биік болды. Ақындар айтысын қыздырған екінші жұп – М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың студенті Мақсат Тұяқ пен Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың студенті Бақнұр Уахит. Бақнұр домбырасын қолға алып айтысқа алғаш шыққанымен, көпшілікті жарқын дауысымен, сазды мақамымен үйіріп алды. Ел тәуелсіздігінің құндылығы, азаттық жолында қыршын кеткен азаматтар туралы орамды ойлар айтылды. Замандастар арасындағы айтыста әзілге де орын берілді. Оралдық Ақтілек Әлібекұлы мен Нұрсұлтан Бақтыбай, Мейірбек Жанболат пен теректілік Нұрдана Темір де әдемі айтыс жасады

Жастар айтысына оқушы өрендердің де қатысқанын және олардың ерекше дайындықпен келіп, қарсыластарына салмақты ой, тапқыр ұйқасымен қарсы тұра білгендерін айта кету керек. Мәселен, Нұрлан Қыдыраш есімді Ақжайық ауданының ақынымен айтысқан сырымдық балғын ақын, Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Ерасыл Өміржан елдің бірлігі мен ынтымағын айтып, мағыналы сөз саптады. Ақжайық ауданының ақыны Абылайхан Мақсұтов пен Сырым ауданы Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-балабақша кешенінің 11-сынып оқушысы Қоңдыкер Елеуовтың жұбына да көпшіліктің қошеметі айрықша соғылды. «Шабайын ауыздықсыз құланға ұқсап, Самғайын түлкі көрген қыранға ұқсап» деп сөз бастаған Қоңдыкер ағасын әзілмен түйреп, намысты бермейтінін жеткізді. Жастарды ұлттық өнерді ұлықтауға шақырған өнерпаз болашағынан зор үміт күттірер рухты азамат екенін байқатты.  Дәл осындай аға мен іні арасындағы жарқын айтыстың үлгісін Жаңақаланың жүйрігі Орынбек Меңдіқұлов пен Ақжайық ауданы Еңбекші негізгі мектебінің 7-сынып оқушысы Абзал Наурызғали жасады. Орынбек Абзалдың айтыстағы тұсауын кесіп, ағалық ақ батасын берді.

«Жастар жылы» аясындағы жастардың сөз додасында бірінші орын сырымдық Қоңдыкер Елеуовке берілді. Ақжайық ауданы Еңбекші негізгі мектебінің 7-сынып оқушысы Абзал Наурызғали – екінші,   Сырым ауданының тағы бір баласы  Ерасыл Өміржан – үшінші орын алды.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға демеушілер мен ұйымдастырушылар атынан ақшалай сый ұсынылды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өзек
ЕР АДАМНЫҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ
01 Сәуір 2020
149 0
Қоғам
РЕСМИ ТАКСИ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖҮГІН!
31 Наурыз 2020
119 0
Қалалықтар қаперіне
БҚО-ДА КҮШЕЙТІЛГЕН КАРАНТИНДІК РЕЖИМ ЕНГІЗІЛДІ
30 Наурыз 2020
358 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»