8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қыркүйек 2021 2157 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА ЖАРЫҚТАНДЫРУДЫ БАСҚАРУ ПУНКТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

 Енді қала көшелеріндегі жарықдиодты шамдардың жай-күйі қала әкімдігінде орналасқан диспетчерлік пункттен бақыланады. Басқару орталығының жұмысы бүгін таныстырылды.

Қала әкімі Абат Шыныбеков атап өткендей, қала көшелерін жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. Осы ретте 15  мыңдай жарықшам ауыстырылды. Жарықшамдарды басқару шкафтары орнатылып, шкафтар орталыққа байланыстырылды. Қала әкімдігінде  орналасқан диспетчерлік орталықтағы монитордан қала ішінде орналасқан барлық жарық нүктелер көрінеді. Қандай да бір нүктеде жарықшамның істен шығуы немесе бұзылу мен штаттан тыс қосылу болса, орталыққа дабыл түседі. Бұл жобаның іске қосылуы жарықтандыру жүйесінің  сапасына, апат орындарын жедел анықтап, сол орынға бригаданы жолдау арқылы ақауды дер кезінде қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Яғни, бұрынғыдай жарықшамдарды маршрут бойынша айналып, қарап шығудың қажеттілгі жоқ. Шамдардың жай-күйі тәулік бойы бақылауда болады.

Осы жүйе  негізінде  барлық шамдар кестеге  сәйкес автоматты түрде қосылып, өшіріледі. Бұдан бөлек басқару жүйесін орнатушы «Қазтехникас» ЖШС мамандарының сөзінше, жүйе электр тұтынуды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»