ОРАЛДА ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Бүгін Оралда инвестиция есебінен салынған жаңа мектеп ашылды. Жалпы аумағы 13 мың шаршы метр болатын заманауи үлгідегі нысан эстетикалық бағыттағы мектеп гимназиясына берілді. Салтанатты рәсімге БҚО әкімі Ғали Есқалиев, Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков, инвестор – ҚПО б.в. компаниясының, мердігер мекеме – «Наурыз» ҚКФ» ЖШС-ның басшылары және білім саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.



Үш қабатты жаңа мектеп шаһардың солтүстік-шығыс шағынауданы аумағынан бой көтерді. Нысанның құрылысын жергілікті «Наурыз» ҚКФ 2019 жылдың мамырында бастап, жобаға сай 15 айдың ішінде аяқтады. Бұл мектепке ҚПО б.в компаниясы тарапынан 1 млрд. 700 млн. теңге қаражат бөлінген. Облыс әкімі Ғали Есқалиев жаңадан қарқынды дамып келе жатқан ауданда мектептің ашылуы тұрғындар үшін де ерекше қуаныш екенін атап өтті.
– Күні кеше Қазақстан Республикасының 25 жылдығын атап өттік. Осы айтулы мерекемен және білім күнімен баршаңызды құттықтаймын. Ата Заңымызда адамның құқықтары анық көрсетілген. Сол құқықтардың бірі – Конституцияның 30-бабында жазылған: «Азаматтарға жалпы орта білім беру тегін болады». Сондықтан бұл мемлекеттің міндеті. Осы міндетті орындау үшін білім беру саласында инфрақұрылым болуы керек. Яғни, мектептер, балабақшалар салынуы керек. Биыл облыстағы 30 мектепте күрделі жөндеу жүргізілуде және алты мектептің құрылысы басталды. Олардың екеуі – жеке инвеститция есебінен, төртеуі мемлекеттік бюджет арқылы салынуда. Осы мектептің ашылуына атсалысқан «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в» компаниясының басшыларына алғысымды білдіремін. Сондай-ақ құрылысты сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтаған «Наурыз құрылыс-коммерциялық фирмасы» ЖШС-ға рахметімді айтамын. Мектептің педагогикалық ұжымына білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбектеріне сәттілік тілеймін, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
Өңір басшысы атап өткендей, эстетикалық бағыттағы гимназия 1993 жылы ашылып, осы кезге дейін байырғы балабақша ғимаратында балаларды оқытып келген еді. Аталған білім ұясы жалпы білім беру бағдарламасымен қатар эстетикалық бағытта білім беретін әрі толық күндік жалғыз мектеп. Яғни, бұл мектепте өнерге, шетел тілдерін оқытуға, шығармашылықты дамытуға ерекше мән беріледі.
Жаңа мектептің жалпы аумағы 13 мың шаршы метр болса, үш қабатты ғимарат 6148 шаршы метр. 24 сынып бөлмесі, лабораториялық және технология сабақтарына арналған бөлмелер, спорттық зал, акт залы, асхана толықтай жабдықталған. Кітапхана жанынан READx, TEDx бұрыштары дайындалған. Мектеп ауласында спорттық алаң да салынған.
Осы кезге дейін орыс тілді болған гимназия биылғы оқу жылында қазақ сыныптарын ашты. Білім ұясының басшысы Әлия Қайыржанованың айтуынша, 1 сынып бойынша екі қазақ сыныбына, 2, 3, 5, 6, 7 сыныптар бойынша бір-бірден қазақ тілді сыныптар ашылып, оқушылар қабылданған. Жалпы жаңа оқу жылында гимназияда 850 оқушы білім алады. Бастауыш сыныптар бойынша 389 оқушы кезекші сыныптарда штаттық режимде жаңа оқу жылын бастамақ.
Эльмира НҰҒМАНОВА




Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу