ОРАЛДА ЖАҢА КӨТЕРМЕ САУДА ОРНЫ АШЫЛАДЫ
Орал қаласы әкімдігі қала орталығындағы заңсыз көтерме сауда орындарын шеткі аймақтарға көшіру шараларын жалғастыруда. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жұмыстар тек қала орталығына келетін көлік пен адамдардың ағынын реттеп қана қоймайды. Бірінші кезекте облысымыздың тауар өндірушілері мен ауыл шаруашылық құрылымдарына маусымдық сауда жасау үшін қолайлы орын ұйымдастыру, логистикасын оңтайландыру мақсатында жүзеге асырылуда.

Осыған дейін орталықтағы бау бақша және көкөніс өнімдерінің көтерме саудасы қаламыздың солтүстік шығыс аумағында орналасқан «Ел ырысы» базарына көшірілген еді. Бүгінде қолайлы жағдайлар жасалып, базар әкімшілігі кезең-кезеңімен тауар өндірушілердің сұраныстарын қанағаттандыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру мақсатында облысымыздың негізгі тауарөндірушілерінің сұранысы негізінде қала әкімдігі мен «БАСК» ЖШС келіссөз жүргізіп, шаһардың Атырау және Саратов тас жолы бағытындағы «Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы» аумағында екінші маусымдық көтерме сауда орнын ұйымдастырмақ.
Көтерме сауда аумағында қатқыл табанды төсеніш төселген алаң, жарықтандыру, көліктерге арналған ыңғайлы кірме және шығу жолдары, әкімшілікпен кәсіпкерлерге қосымша қойма орындары қарастырылған. Сауда алаңы аумағында арнайы мамандандырылған ХҚО қызметінен басқа, ірі сауда орталығы, асхана ғимараттары бар. Тұрғындар үшін қаланың барлық аудандарына бағыт алатын қоғамдық көлік маршруты мен аялдамалар тұрақты қызмет көрсетеді. Көтерме сауда орындарының абаттандырылуы мен тазалығын меншік иесі өз есебінен жүргізуде. Тауар өндірушілерге сауда жасау мүмкіндігі тегін ұсынылады.
Сауда алаңының жұмыс уақыты 2020 жылдың 12 тамызынан бастап, күн сайын таңғы сағат 05.00-ден 10.00-ге дейін.
Қала әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын, ауылшаруашылық тауарын өндірушілерін және қызығушылық танытқан кәсіпкерлік субъектілерін арнайы белгіленген көтерме сауда алаңдарына шақырады. Қосымша сұрақтар бойынша +7 707 617 1254 телефон нөмеріне хабарласуға болады.
http://zhaikuni.kz/
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу