ОРАЛДА ҮЗДІК ВОЛОНТЕРЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
«Қала күні» аясында жыл бойы қоғамдық шараларға белсене қатысып, сонымен қатар төтенше жағдай кезінде халыққа қолдау көрсетіп, өз үлестерін қосқан қаланың волонтер жастарын ынталандыру мақсатында «Үздік волонтер – 2020» шарасы өтті. Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қалалық мәдениет және демалыс саябағында салтанатты өткен щшарада рәсімінің қатысушыларына арнайы дайындалған статуэтка және дипломмен естелік сыйлықтары табысталды.

Шара барысында шаһар басшысы Абат Шыныбеков волонтерлардың қоғамға, қаламыздың тұрғындарына жеткізген көмектері туралы айтып, алғысын білдірді.
– Бірнеше ай бойы өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызға төнетін қауіпке қарамастан, мұқтаж қала тұрғындарына барынша көмек көрсеттіңіздер. Азаматтық белсенділіктеріңіз бен ақ ниеттеріңіз үшін сіздерге алғыс айтамын. Осынау ауқымды жұмысты волонтерлардың көмегінсіз атқару мүмкін емес еді, – деп өз тілегін білдіріп, үздіктерді марапаттады.

Бұгінде Орал қаласында 104 волонтерлік ұйым қатарында 2 мыңға жуық волонтер бар. Төтенше жағдай кезінде волонтерлік штаб құрылып, 109 байланыс нөмірі және әлеуметтік желілер арқылы тұрғындардан әр түрлі бағытта өтінім жиналып, көмек көрсетіліп келеді. Атап айтқанда, волонтерлардың қатысуымен 5000-нан астам отбасыға азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да түрде адрестік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, волонтерлардың көмегімен жиналған қаражат есебінен 583 отбасыға азық-түлік, 278 отбасыға дәрі-дәрмек жеткізілді, 53 отбасыға үй жұмыстары және 168 отбасыға төтенше жағдай кезінде 42500 әлеуметтік жәрдемақыға өтінім беру, 667 отбасыға ауыз су жеткізу бойынша көмек көрсетілді.
Қала бойынша тек қана волонтерлардың күшімен 130 мың маска (15 мың маска қолдан тігілді, 115 мың маска демеушілерден) тегін таратылды.
Орал қаласы волонтерлар құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесе қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ату мақсатында ағымдағы жылы 100-ге жуық рейд жасады. Волонтерлардың бақылауымен 68 санитарлық-эпидемиялық талаптарды бұзу деректері анықталып, тиісті органдарға жолданды. Мұның барлығы елге қызмет, отансүйгіштіктің жарқын үлгісі, мемлекеттің өркендеуіне қосылған волонтерлардың зор үлесі.

Соңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу