ОРАЛДА ҮЗДІК МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Жыл қорытындысы бойынша әр саланың үздіктеріне «Жыл үздігі» сыйлығы табысталды. Биыл Орал қаласы әкімдігі аталмыш сыйлықты 16 мамандық бойынша ұсынды. Дәстүрлі шара бүгін, 29 желтоқсан күні Салтанат сарайында өтті.

– 2020 жыл – оңай болған жоқ, қиындықтардың бәрі осы жылмен қалып, 2021 жыл еліміз үшін, әр шаңырақ үшін жақсы жаңалықпен келуін тілеймін, – деп салтанатты шараны ашқан қала әкімі Абат Шыныбеков жиналғандарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ жыл ішінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, шаһардың әр жетістігі мен табысында әр тұрғынның үлесі бар екенін ерекше атап өтті.
Жыл қорытындысы бойынша «Орал жылыжай комбинаты» ЖШС директоры Алмат Забыхов – «Үздік инвестор» атанды. Алмат Қайратұлының жетекшілігімен биыл компания Зашаған кенті аумағында 5,6 гектар аумақтағы жылыжай кешенінің құрылысын аяқтаған. Мұнда жылына 3 мың тонна өнім шығарылады деп күтілуде.
«Үздік тазалық сақшысы» номинациясы – 2002 жылдан бастап «Жайық таза қала» ЖШС-нда 4 разрядты жол-көпір шаруашылығының қолмен жинау бойынша жұмысшысы Нұрлан Жақановқа, «Үздік әлеуметтік қызметкер» аталымы 2014 жылдан бері қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығында қызмет етіп, тыл ардагеріне және өмірлік қиын жағдайға түскен жандарға қызмет көрсетіп жүрген Макира Рахметуллинаға берілді.
Жастар мәдениет үйінің «Алаш» этно-фольклорлық ансамблінің жетекшісі Данияр Таңатаров – «Үздік мәдениет қызметкері», «Орал жастары» волонтерлік ұйымының мүшесі Айжан Жұмабай – «Үздік волонтер», 2020 жылы қаңтар айында Атырау қаласында жастар арасында екінші рет Қазақстан чемпионатында, Сербия елінің Белгард қаласында өткен алтын қолғап күштілер турнирінде жүлдегер атанып, ағымдағы жылдың 23-29 қарашасында Шымкентте өткен ересектер арасында Ел чемпионатында 49 келі салмақта жеңімпаз және «Ең жас жеңімпаз» номинациясына ие болған Даниял Сәбит – «Үздік спортшы» аталымын жеңіп алды.
2013 жылдан «Батыс Су арнасы» ЖШС-нда кәріз жүйесінің слесарі болып, қазіргі уақытта кәріз жүйесінің учаскелік басшысы лауазымын атқарып жүрген Жасқайрат Борбаев – «Үздік сантехник» атанса, өз қызметін кәсіби орындайтын қызметкер ретінде көрсете білген «Оралавтотранс» ЖШС жүргізушісі Жақсығали Мүсіров – «Үздік жүргізуші», «Болашақ-Т» ЖШС-ның қызметкері Жаңылғаным Сафиева – «Үздік сырлаушы», «Әлия-сервис» ЖШС-ның қызметкері Ақылбек Хисин – «Үздік дәнекерлеуші», 1991 жылдан құрылыс саласында еңбек етіп, 2005 жылдан «СКФ Отделстрой» ЖШС-нда тұрақты жұмыс жасап жүрген Ғани Күлекешов – «Үздік тас қалаушы», «Оралводстрой» АҚ-ның учаске басшысы Артур Тедеев – «Үздік құрылысшы», «Наурыз» Коммерциялық-Құрылыс фирмасы» ЖШС-ның маманы Әсел Қабиева – «Үздік әрлеуші» номинациясымен марапатталды.
Қалалық №7 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Гүлжазира Өтепқалиева – «Үздік ұстаз», №4 қалалық емхананың фтизиатр-пульмонолог маманы Гүлзада Тастаева – «Үздік медицина қызметкері» ретінде марапат алды. «Заңғар» ЖК – 2020 жылдың «Үздік пәтер иелері кооперативі» атанды.
Шара барысында үздіктер құрметіне Жастар мәдениет үйінің өнерпаздары ән шашуларын тарту етті.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу