ОРАЛДАҒЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
Оралдағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Сұңқар» дене шынықтыру кешені ашылды.

Ол үшін университет ректоры Асқар Наметовтың бастамасымен білім ордасының жертөлесі жаңартылып, жеті зал жабдықталған. Атап айтқанда, спорт кешенінде қазақ күресі, дзюдо, үстел теннисі, гір тасын көтеру, қол күресі бойынша жаттығулар жүргізуге, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы сынды интеллектуалды ойындар ойнауға болады. Сондай-ақ жаттығу құралдары қойылып, тренажерлік зал жасақталған. Спорт кешенінде оқу орны студенттерімен қатар, Зашаған кенті жастарының да жаттығуына мүмкіндік берілмек.
–Өткен жылдан бастап оқу процесінен «дене шынықтыру сабағы» ұғымын алып тастадық және дене шынықтыру сабағының мұғалімдері «жаттықтырушы» лауазымына ауыстырылды. Нақтырақ айтқанда, студенттеріміз өз қызығушылықтары бойынша спорттық клубтарға қатысады. Оқу орнында 18 спорттық клуб жұмыс жасайды. 2100 студентіміз осы клубтардың белсенді қатысушысы. Олардың жетістіктері де бар. Әсіресе, студенттеріміз республикалық жарыстарда, Универсиада ойындары кезінде гір тасын көтеру, қол күресі жарыстарынан жүлделі орындарды иемденіп жүр, – дейді спорт клубының директоры Асхат Өкшебаев.


Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу