ОРАЛДАҒЫ «ЖЕЛАЕВ КОМБИНАТЫНАН» ӨРТ ШЫҚТЫ
Бүгін, 13 ақпан күні кешкі сағат 21.04-те Орал-Желаев трассасы 24 мекенжайындағы «Желаев комбинаты» АҚ-ның 3 қабатты әкімшілік ғимаратынан өрт шықты.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, екінші қабаттағы ас үй жайы өртенген. Жалын шарпыған аумақ 50 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер келгенше, нысанның мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі күшімен 15 қызметкер қауіпсіз орынға шығарылған.
Оқиға орнына ТЖД-ның Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмысы бөлімшесінен 52 өрт сөндіруші мен 14 техника және Жедел құтқару жасағынан 3 құтқарушы мен 1 техника жіберілген. Жалын сағат 22.02-де ауыздықталып, 22.21-де толық сөндірілген.
Алдын ала болжам бойынша өрттің тұтануы электр құралдарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудан болуы мүмкін.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері Айнагүл Сақпосынова өрттен зардап шеккен 3 адамның қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
Суреттерді түсірген Александр БРИКС
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу