8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Қаңтар 2021 1622 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДАҒЫ «ЖАСТАР» СТАДИОНЫ ҚЫЗМЕТІН ЖАНДАНДЫРДЫ

Бүгін, 7  қаңтар күні  «Жастар» стадионындағы мұз айдыны ашылып, көпшілік сырғанау ұйымдастырылды. Мұз айдынының ашылуына қатысқан қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров жиналғандарды құттықтап, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануы үшін өңірде атқарылып жатқан шараларды атады.  

Бұған дейін сенімгерлік басқаруда  болған «Жастар» стадионы мемлекет меншігіне кері тапсырылды. Қар басқан стадион аумағы толықтай тазартылып, мұз құйылып, қалалықтардың қызықты демалысы және допты  хоккей спортшыларының дайындығы үшін қолайлы жағдай жасалды. Стадион енді облыстық жоғары спорт  шеберлігі мектебінің теңгерімінде.

– Бізге 2020 жылдың 28 желтоқсанында кері берілді. Қалың қарды тазалауға көп күш жұмсалды. «Жайық таза қала» мекемесінің жұмысшыларын көмекке алдық. Осылайша, жаттығу процестеріне мұз айдынын дайындадық. Сенімгерлік басқаруға алған компаниямен арадағы болған кикілжің тоңазытқыштарға байланысты туындағаны баршаға мәлім. Аяз түспей тұрып, яғни қараша айында тоңазытқыштың температурасын қыздыру процедурасы жүргізілуі керек еді. Бұл дайындық жұмыстары жүргізілмеген. Сол себепті қиындық туындауда. Алдағы уақытта кемшіліктер болмайды деп ойлаймыз, – дейді облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің  директоры Асхат Шайхиев.

Стадион аумағы жарықтандырылған, конькилерді жалға беру орны жұмыс жасайды. Оралдықтар көптен күткен стадионның ашылуына орай бүгін баршаға кешкі 23.00-ге  дейін тегін сырғанауға мүмкіндік берілді.

Қала бойынша бүгінде 40-тан аса алаңға мұз айдыны дайындалып, 10 шақты шаңғы тебу орны ұйымдастырылған. Жақын күндері Зашаған кенті Мөңкеұлы көшесінде тынымбақта мұз айдыны ашылады деп күтілуде.

Айта кетейік, «Жастар» стадион өткен жылдың көктемінде «Айғаным» ЖК-не  сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Алайда, кәсіпкер желтоқсан айында  жұмысты тоқтатып, кері тапсыру туралы шешім қабылдаған.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
64 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»