ОРАЛДАҒЫ ОРЫС МЕКТЕПТЕРІ ҚАЗАҚ СЫНЫПТАРЫН АШУДА
Оралда кейінгі жылдары орыс тілінде ғана оқытатын мектептердің үлесі азаюда. Бұл ата-аналардың сұранысына орай қазақ сыныптарының ашылуымен байланысты болып отыр. Яғни орыс мектептерінде қазақ сыныптарының ашылуы орыс мектептерінің азайып, аралас тілде оқытатын мектептердің көбеюіне әкелді. Тек қазақ тілінде оқытатын білім ұялары да көбеюде.
Орал қаласы білім беру бөлімі 2021-2022 оқу жылынан бастап орыс тілінде білім беретін №3, 6, 7, 9, 17, 23, 24, 32, 39 жалпы орта мектептер қазақ тілінде оқытатын мектеп алды даярлық сыныбы бойынша оқушыларды қабылдайтынын мәлім етті. Сондай-ақ Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназияда қазақ тілінде оқытатын 1, 2 сыныптар ашылмақ.
Айта кетейік, өткен оқу жылында №16 орта мектепте қазақ сыныбы ашылды. Сондай-ақ су жаңа ғимаратқа көшкен Эстетикалық бағыттағы гимназия 1 сынып бойынша екі қазақ сыныбына, 2, 3, 5, 6, 7 сыныптар бойынша бір-бірден қазақ тілді сыныптар ашқан болатын.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу