ОРАЛДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС САЯБАҒЫ ЖАЗҒЫ МАУСЫМЫН АШАДЫ
Орал қаласындағы мәдениет және демалыс саябағы 1 маусымда ашылады деп күтілуде. Жаздың уақытында саябақта сауда-саттық ұйымдастыруға ниетті кәсіпкерлерден өтініштер қабылдау басталды. Сондай-ақ орындарды жалға беру адамдардың қатысуынсыз ашық түрде жүргізілуі үшін өтінімдер zko-park.kz сайты арқылы электронды түрде қабылданады.

Қалалық мәдениет және демалыс саябағы еліміздегі ең көне саябақтардың бірі және тарихи маңызы бар нысандар қатарына жатады. Биыл саябақтың ашылғанына – 180 жыл. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиевтің айуынша, бүгінде айтулы мерейтойға орай дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мерекелік логотип дайындалуда, саябақ туралы бейнероликтер түсіріліп, карантин режимі аяқталған соң театрландырылған концерттік бағдарлама ұйымдастыру жоспарланған.
Жылда саябақтың маусымдық ашылуы 1 мамырдан басталатын еді, биыл карантин жағдайына байланысты 1 маусымға жоспарлануда. Дегенмен, эпидемиологиялық ахуал ескеріледі.

– Биыл бірқатар жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарладық. Қазіргі уақытта гүлдер отырғызылуда және тегін суға түсу орындары дайындалуда. Облыс басшысының тапсырмасы аясында құрылған жұмыс тобымен бірге саябақты одан әрі көркейту мәселелері талқылануда, – деді Серік Ерболатұлы.
Облыс басшысының, қала әкімінің тапсырмасымен саябақтың электронды сайты жасақталған болатын. Саябақта қызметін жүзеге асырушы кәсіпкерлер орынды жалға алу үшін осы сайтқа кіріп, қажетті функция арқылы өтініш бере алады. Бұл цифрландыру заманында адами факторларды жою мақсатында қолға алынған қадам. Сайт арқылы түскен өтініштер жеті күн ішінде қаралады. Өтініштерді қарау екі сатыдан тұрады. Алдымен саябақ әкімшілігі құжаттардың толықтығын тексереді, екінші сатыда өтініш қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанынан құралған комиссияның қарауынан өтеді. Бөлім басшысы Серік Қайырлиев төрағалық ететін комиссия құрамында қоғамдық кеңес, қоғамдық ұйым өкілдері және депутаттардан жалпы 13 адам бар. Комиссияның қорытындысы хаттама түрінде аталған сайтқа жарияланады.
Саябақ директоры Бек Жәңгіровтың сөзінше, саябақ аумағындағы сауда орындары жылдағыдан 30 пайызға қысқарған, нақтыланған және орын шектеулі, яғни саябақ әкімшілігі сауда орындары үшін 20 шатыр ғана әзірлеп отыр.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу