8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Ақпан 2021 1453 0
Қоғам

ОРАЛДАҒЫ ҒИМАРАТТАР МЕН КӨШЕЛЕРДІҢ ДИЗАЙН-КОДЫ ДАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін, 16 ақпан күні Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков халықпен онлайн есептік кездесуде қаланы жарықтандыру және тұрғын үй кешенін жаңғырту жоспарымен бөлісті.  

Орал қаласында ыңғайлы әрі қауіпсіз қала ортасын құру мақсатында көшелерді жарықтандыру жүйесі жаңартылып, қаланың көрнекті объектілерінің архитектуралық жарықтандыруын орнату жалғасуда. Осы орайда биыл қала көшелеріндегі жарық шамдары мүлдем жоқ көшелерге 5000 дана жарықшам орнату көзделуде. Бұдан бөлек Орал-Саратов тас жолынан Жәңгірхан көшесіне дейінгі Айтқұлов көшесін, Меловые горки бағытын,  Депо көпірінен Алаш көшесіне дейінгі Әбілқайыр хан даңғылын жарықтандыру жұмыстарына жобалар жасақталуда. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшелерге жол салу және жөндеу үшін жасақтайтын жаңа жобаларда жарықтандыру жұмыстары қарастырылған.

– Абаттандыру ережелеріне сәйкес Орал қаласындағы ғимараттар мен көшелердің қасбет элементтерінің дизайн кодын жасадық. Оның болуы қаланы біртектес, дәйекті және түсінікті етеді. Құрылыс қасбеттері, тақтайшалары мен белгілері бірдей стильде үйлесімді болады және қатаң белгіленген орындарға орналастырылады. Қазіргі уақытта Назарбаев даңғылының дизайн коды дайын, біз жұмысқа кірісеміз. Біз бұл процесті кәсіпкерлермен, меншік иелерімен және қала тұрғындарымен бірге жүзеге асырамыз, – деді Абат Абайұлы. 

Қалада тұрғын үй кешенін жаңғырту жалғасады. Биыл он тоғыз нысан жаңартылып, бес лифт ауыстырылады деп күтілуде.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»