8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Наурыз 2019 2201 0
Қоғам

ОРАЛДАҒЫ ДОСТЫҚ-ДРУЖБА ДАҢҒЫЛЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ДАҢҒЫЛЫ БОЛЫП ӨЗГЕРДІ

         Бүгін Орал қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХ сессиясының күн тәртібіне сай  депутаттар 2019 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей эфирдегі ұсынысына және қала әкімдігінің ұсынысына сәйкес қаладағы Достық-Дружба даңғылын Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп атау туралы шешімді қолдап,  бірауыздан бекітті.       

Сессия жұмысына қала әкімі Мұрат Мұқаев, құрылымдық бөлімше басшылары және депутаттар қатысты. Сессия төрағасы қалалық мәслихат хатшысы Аққали Әубекеровтың мәлімдеуінше, бұл ұсыныс алдымен қалалық мәслихаттың нормативтік құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссия отырысында кеңінен талқыланып, тұрғындар тарапынан қолдау тапқан.

Қалалық мәслихаттың нормативтік құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Амангелді Ермекқалиев Нұрсұлтан Әбішұлының елі үшін сіңірген толассыз еңбегін айта келіп, бүгін М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да өткен жиында шаһардағы басты көшенің атауын кемеңгер тұлғаның атына өзгерту туралы ұсынысты оқу орнының оқытушылары мен студенттері, қала тұрғындары жаппай қолдап, жылы пікірлерін білдіргенін жеткізді. Жиында сөз алған қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Бақытжан Нұрбаев, қалалық мәслихат депутаттары Валентина Михно, Әнуар Мұқатаев Тәуелсіз қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған Ұлы тұлға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі татулық пен тұрақтылықтың негізі болған Достық-Дружба даңғылына  әбден лайық екенін айтты.

– Өздеріңізге белгілі, кеше, 19 наурыз күні Елбасы,  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз өкілеттілігін тоқтатқан болатын. Әрине, бұл баршамыз үшін күтпеген жағдай болды.  Конституцияға сәйкес, қазіргі таңдағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қос палатаның бірлескен отырысында қалалардағы, облыс орталықтарындағы ең көлемді даңғылдарға Тұңғыш Президент атын беру туралы ұсынысын жариялаған болатын.  Сол ұсынысты біз қолдай отырып, қалалық қоғамдық кеңеспен, қалалық мәслихат депутаттарымен, аталмыш көше тұрғындарымен бірлескен жиын өткіздік. Бұл ұсынысты тұрғындар толық құптады. Тұңғыш Президентіміздің елі үшін еңсерген еселі істерін, қазақ елін әлемнің 50 дамыған мемлекетінің қатарына қосу жолындағы орасан зор еңбегін білесіздер. Сондықтан Достық-Дружба даңғылын Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп атауды ұсынып отырмыз, –деді сессия отырысын қорытындылаған қала әкімі Мұрат Мұқаев.

Депутаттар жиында талқыланған мәселені толық құптап, бекітті.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
21 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
143 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
399 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
657 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
898 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
933 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1087 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1281 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1515 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1602 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1712 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1721 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1749 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1754 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1858 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2078 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»