ОРАЛДАҒЫ АПАТТЫ МЕКТЕПТІ БҰЗУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Оралда апатты деп танылған №33 ЖБОМ мектебін бұзу жұмыстары басталды.

Құрылысқа жауапты учаске басшысы Кенжебай Бектілеуовтың айтуынша, ескі мектептің орнын тазалау жұмыстары көп ұзамай аяқталады. Бүгінгі жұмыстардың өзіне 30-ға жуық жұмысшы тартылған. Аталмыш білім ошағы өткен жылдың өзінде апатты деп танылып, білім алушылар осы аудандағы қос мектепке көшірілген еді. Өткен ғасырдың 30 жылдары салынған нысанды осыдан бір жыл бұрын аралап көрген халық қалаулылары да жарамсыз екеніне көз жеткізгені аян. Сол уақыттан бері қаржыландыру тетіктері қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, мердігер құрылыс компаниясы анықталды. Бүгінде ескі ғимаратты бұзу жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Күні бүгін ескі ғимараттың спорт залын сүру ғана қалған.
Су жаңа мектептің құрылыс жұмысы наурыз айында басталады деп күтілуде. Ол кезде жұмысшылар қатары да артады дейді сала мамандары. Жобаның негізгі құны 1 млрд. 165 млн. теңге. 300 орындық жаңа мектеп құрылысы 14 ай ішінде аяқталуы тиіс.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу