ОРАЛДАҒЫ АЛТЫ СПОРТ АЛАҢЫ ЖАҢАРДЫ
Соңғы 10 жылдың ішінде Оралда 52 спорттық алаңы салынды. Олардың барлығы қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі «Орал спортық клубының теңгерімінде. Уақыт өте келе бірқатарының қоршаулары, қақпа-қалқандары бүлініп, жабындарының тозығы жеткен.

Спорт клубының директоры Есқабыл Жалмұрзиевтің мәліметінше, спорттық алаңдардың жасанды жабындарын ауыстыру үшін биыл жергілікті бюджеттен 20 млн. теңге бөлініп, алты алаңның жасанды жабыны жаңартылып отыр.
– Жабындар 5-6 жылға төзуі керек. Бірақ, климаттың әсері де коррозияға әкеледі. Әрі қолдануға байланысты. Біз тазалығын жүргізіп, бүлінген жағдайда бригадамен келіп жөндеу жасаймыз. Спорт алаңдары құлыпталмайды, тәулік бойы ашық. Сондықтан тұрғындардың өздері де күтіп-ұстауға мүдделі болса дейміз, – дейді Есқабыл Әбілшақұлы.
Қазіргі жаңартылған алаңдардың барлығы 9-10 жыл бұрын салынғандар. Мәселен, С.Датов көшесі бойындағы спорт алаңы 2011 жылы қолданысқа берілген. Жаңа Орда, 3, Строитель, 43, Назарбаев 203, И.Тайманов, 176 мекенжайларындағы және Круглоозерный оауылындағы алаңдардың да салынғаны 10 шақты жыл өтіпті. Әбден тозып, жабыны жыртылып, топыраққа айналған алаңдарға бетон құйылып, жасанды көгал, резеңке жабын төселген. Жаңарту жұмыстарын «Алтын ел» жеке кәсіпкерлігі жүргізді.
Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Артур Шерғалиевтің айтуынша, өткен жылы шаһардағы жеті алаңның жасанды жабыны ауыстырылды, 31 алаңда ағымдағы жөндеу жасалды. Десек те әлі 10 алаң жөндеуді қажет етеді.



Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу