ОРАЛДАҒЫ ҚАДЫР АҚЫННЫҢ АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ – БЕС ЖЫЛДЫҢ БЕЛЕСІНДЕ
Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Қадыр Мырза Әлидің туғанына биыл 85 жыл. Орал қаласында ақынның атындағы мәдениет және өнер орталығының ашылғанына 5 жыл толып отыр. Қос мерейтойға орай БҚО әкімі Ғали Есқалиев және атаулы мерейтойға арнайы келген Қазақстан Жазушылар Одағы Атырау облыстық филиалының директоры Қойшығұл Жылқышиев, Айтқали Нәріков, мәдениет саласы қызметкерлері Қадыр ақының ескерткішіне гүл шоғын қойып, орталықта өткен «Бес жылдың белесінде» атты мерекелік кешке қатысты.

Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы осыдан бес жыл бұрын, яғни ақынның 80 жылдық мерейтойында шаһардың 5-ші шағынауданынан ашылған еді. Киелі орталықта Жайықтың ақын-жазушыларының құрметіне әдебиет мұражайы және Қадыр Мырза Әлидің мемориалдық кабинеті жабдықталды. Мұндағы сөрелердегі Қадыр ақынның жеке кітапханасынан алынған 6767 кітап – орталықтың ең құнды қазынасы. Бұл орталықта М.Горький атындағы кітапхана бөлімшесі мен Жанғали Нәбиуллин атындағы оқырмандар бөлмесі де бар. Сондай-ақ Жазушылар, Композиторлар, Суретшілер, Күйшілер Одақтарының бөлімшелері орналасқан.
– Қазақтың қадірі кетпес Қаратауы, аласармас Алатауы – Қадыр Мырза Әли ағамыздың 85 жылдық мерейтойы ұлы ойшылдарымыз – Әл-Фараби, Абайдың мерейтойларымен қатар тойлануда. Бұл да заңдылық шығар. Өйткені олардың ойсырап тұрған орнын ХХ ғасырда Қадыр Мырза Әли толтыра алды деп айтуға болады. Өз өмірінің әр күнін, әр сағатын қазақ әдебиетіне арнаған, аты аңызға, заты абызға айналған Қадыр Мырза Әлидің мерейтойы құтты болсын. Бес жыл бұрын ақының атындағы ашылған орталықта көптеген жақсы шаралар, атаулы мерейтойлар өтті. Жерлесіміздің есімін, шығармашылығын ұлықтап келе жатқан орталық ұжымына алғысымды айтамын. Орталық жұмысына сәттілік тілеймін, – деп құттықтау сөзімен мерекелік шараны ашқан облыс басшысы Ғали Нәжімеденұлы орталықтың бірнеше қызметкеріне алғыс хат табыс етті.
Атыраулық мейман Қойшығұл Жылқышиев Қадыр ақынмен кездескен сәтін, өзінің Жазушылар Одағына қабылдануына Қадыр ағаның ықпал еткенін, осылайша шығармашылығын дамытуына жол сілтегенін еске алды. Сондай-ақ осыдан төрт жыл бұрын құрылған «Талант» халықаралық қорының атынан ақын Айтқали Нәріковке «Талант» төсбелгісін табыс етті. Бұдан бөлек Қадыр ақынның атындағы орталықтың басшысы Бауыржан Халиолланың өмірге батыл көзқарасы, өршіл ақын, шоқтығы биік айтыскер екенін атап, Атырау облысы әкімдігінің «Махамбет» атындағы сыйлығын табыс етті.
Осы шарада бірқатар орталықтық қызметкерлеріне «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісі, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет Грамотасы» және БҚО әкімі орынбасарының, БҚО Мәдениет басқармасының, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО бойынша филиалының төрағасының, Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы директорының алғыс хаттары ұсынылды.
Айта кетейік, бес жыл ішінде киелі шаңырақ Қадыр ақынның шығармашылығын кең көлемде насихаттап, оған қоса өңірдегі таланттарды танытуда жүйелі жұмыс жасап келеді. Үш жыл бұрын «Қадыр жолымен» жобасы аясында орталықтағы өнер иелері мен жас өнерпаздардан «Дала дидары» көшпелі өнер ұжымы құрылып, Қадыр ақынның өлеңдері мен өлеңдеріне жазылған әндерін, афоризмге айналған даналық ойларын, қағытпа қалжыңдарын дәріптеу мақсатымен еліміздің бірнеше өңірінде, облыстың ауыл-аймақтарында концерт берді. Сондай-ақ өнер ұжымы «Ауылдағы ардақтылар», «Жарқ етіп сөнген бір жұлдыз», «Елеулі есімдер», «Жұлдызды отбасы», «Тасада жүрген таланттар» сынды тамаша жобаларды қолға алды.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу