8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қаңтар 2020 3340 0
Қоғам

ОРАЛДАҒЫ АБАЙ АЛАҢЫНА АҚЫННЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН ТАҚТА ТАСТАР ОРНАТЫЛАДЫ

Бұл туралы атаулы даталарға дайындық жоспары пысықталған жиында айтылды. Басқосуға Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков және Ұлы Отан соғысы, тыл  ардагерлері, тарихшы-ғалымдар, ақын-жазушылардан құралған жұмыс тобы қатысты. 

Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиевтің мәліметінше, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай  «Абай және әлемдік өркениет” атты ғылыми тәжірибелік конференция өтетін болады. Абай шығармаларын дәріптеуге арналған әдеби-сазды кеш ұйымдастырылады. Бұл шараға арнайы қонақ ретінде Абай әндерін орындаушы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали шақырылмақ.Ұлы ақынның мерейтойын атап өту аясында Абай алаңына жөндеу жұмыстарын жүргізу, ақынның нақыл сөздері мен өлеңдері жазылғын тақта тастарын орнату және орталықтандырылған қалалық кітапханадан «Абай залын» ашу жұмыстары қолға алынбақ.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 -1904 жылдар аралығында өмір сүрген ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. 

Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ-даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған.  Шешесі Ұлжан рта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы. «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
78 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
124 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
163 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
419 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
441 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»