ОРАЛДАҒЫ 11 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛДЫ
Биыл шаһардағы 11 аула аумағы абаттандырылды. Ол үшін қазынадан 400 млн. теңге жұмсалған. Атқарылған абаттандыру жұмыстарымен бүгін қала басшысы Абат Шыныбеков танысып, тұрғындармен тілдесті.

Мемлекеттік бюджет есебінен жаңартылған аулалардың бірі Әбілқайырхан даңғылындағы 44, 46-үйлерінің ауласы. Тұрғындардың айтуынша, бұл жерде 40 жылдан астам уақыт бойы жаңарту жүргізілмеген. Биыл қалалық бюджеттен осы ауланы абаттандыру үшін 27 млн. теңге бағытталып, «Dizain-D.A» ЖШС жобаға сәйкес подъездерге кіреберіс жолдар, асфальт-бетонды жабын төсеп, тас төсеуіш, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнатты. Сонымен қатар балаларға арналған ойын құрылымдары қойылды.
Ал У.Громова көшесі, 11, 11/1, 13 үйлері ауласын абаттандыруға 50 млн. теңге жұмсалған. Мердігер компания «Айдана» ЖШС жобада көрсетілген жұмыстарды орындаумен қатар компания есебінен сый ретінде екі субұрқақ, street workout жабдықтары бар ойын алаңын салып, жарықтандыру шамдарын қойған.
Қос ауланың тұрғындары да жасалған жұмыстарға бек риза.
Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәйдың мәліметінше, шаһарда 500-ге жауық аула аумағы бар. Жыл сайын мемлекет есебінен аулаларды абаттандыру жалғасып келеді. 2018 жылы – 20, 2019 жылы – 15 аула абаттандырылса, биыл 11 аула абаттандырылды. Келер жылы тағы 19 ауланы жаңартылады деп күтілуде.
– Келесі жылы да аула аумақтарын абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылады. Әр ауланы абаттандыру тұрғындардың талқылауына шығарылады. Сәйкесінше, жобалық-сметалық құжаттама тұрғындардың пікір-ұсыныстарына сәйкес бекітіледі. Бұл ретте тұрғын үй басқарушы органдары белсенді жұмыс жасауы керек, – дейді Мирас Рүстемұлы.
Айта кетейік, Оралда 500-ге жуық аула бар. 2007 жылдан бастап олардың 400-ге жуығы абаттандырудан өткен. Десек те тозығы жетуіне байланысты алғашқы кезеңде абаттандыру жасалған аулаларда қайтадан ағымды жөндеу жүргізілуі қажет болып отыр.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz



Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу