8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Тамыз 2021 2062 0
Қоғам

ОРАЛДА «ТІЛ – ТҰТАСТЫҚ ТУЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 25 тамыз күні Орал қаласы Жастар мәдениет үйінің концерт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері арасында «Тіл – тұтастық туы» байқауы өтті. Іс-шараны Орал қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты – басқа этностар өкілдері арасында мемлекеттік тіл саясатын насихаттай отырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, салт-дәстүрлер арқылы қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сөйлеу және ойлау сауаттылығын қалыптастыру.

Байқауға алты команда қатысты – «Тіл мұра» қоғамдық қозғалысы, орыс этномәдени бірлестігі, «Хаймат» неміс этномәдени бірлестігі, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі, Татар этномәдени бірлестігі, «Еднання» украин этномәдени бірлестігі.
Қатысушы ассамблеялықтар қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімдерін көрсетті, сондай-ақ дәстүрлі ұлттық тағамдармен ақ дастархан жайды.

Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орынды орыс этномәдени бірлестігі мен «Вайнах» неміс бірлестігі иеленді.

ІІ орынды «Еднання» украин қоғамы мен Татар этномәдени бірлестігі бөлісті.

І орынды «Достық» командасы иеленді, олардың өкілдері «Вайнах» шешен-ингуш бірлестігі және «Бірлік» әзірбайжан орталығы болды.

БҚО ҚХА «Тіл – мұра» қоғамдық қозғалысы байқаудың бас жүлде иегерлері атанды.

Суреттерді түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»