8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қыркүйек 2021 1462 0
Қоғам

ОРАЛДА ТІЛ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі қарсаңында және Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Мемлекеттік  тіл – Тәуелсіздік символы» атты тіл фестивалі ұйымдастырылды. Салтанатты  шараға өңір басшысы Ғали Есқалиев, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға үлес қосып жүрген тіл жанашырлары, Ресей Федерациясының Самара, Саратов, Орынбор, Курган облыстары бойынша қазақ диаспорасының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдар, этно-мәдени орталықтар қатысты. Осы кеште  мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге сүбелі үлес қосып жүрген батысқазақстандықтар марапатқа ие болды.

Фестиваль аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тіл – тұтастық туы» атты этнокөрмесі және фотокөрмесі таныстырылды. Салтанатты  шара «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты театрландырылған көрініспен ашылды.  Өңір басшысы Ғали Есқалиев жиналғандарды Қазақстан халқы тілдері күнімен құттықтап, ата-бабадан көздің қарашағындай сақталып жеткен қазақ тілінің бүгінгі қолданыс аясы, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру мәселесін көтерді.

– «Тіл тағдығы – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деген ұстанымдағы қазақ халқы ғасырлар бойы ел мен жерін, дін мен тілін сақтау үшін көп қиындық кезеңдерді бастан кешті. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, ұлт болашағы үшін арыстарымыз өз жанын пида етті. Сондықтан қазіргі ұрпақ, барша қандастарымыз ана тілімізді сақтау жолында аталарымыз қандай құрбандыққа барғанын әр кез есте сақтап жүруі  керек деп ойлаймын. Өйткені тіл – әр ұлттың қайталанбас байлығы, асыл қазынасы. Ұлт бар жерде ел бар, тіл бар. Еліміз Тәуелсіздік алғалы қазақ тілі – мемлекеттік  мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Қазіргі таңда өнер, мәдениет, баспасөз тілі 90-шы жылдарға қарағанда әлдеқайда көш ілгері. Осының бәрі қарапайым халықтың, тіл жанашырларының, зиялы қауым өкілдерінің еңбегі деп білемін. 1986 жылы  қазақ рухының қыраны  Жұбан ағамыз қазақ мектептерінің аздығын айтқан болатын. Шынында сол жылдары қаламызда қазақ мектептерінің  саны  не бары 3 пайызды құрады. Ал бүгінгі күні  Оралда қазақ тілінде білім беретін мектептер саны 77 пайызды құрайды. Бұл мемлекеттік тіл мәртебесінің асқақтағаны, тілдің қолданыс аясының кеңейгенінің белгісі. Ендігі кезекте қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне  айналуы үшін аянбай еңбек етуіміз керек. Қадыр ағамыздың «Ана тілің – арың бұл, Ұятың  боп тұр бетте. Өзге  тілдің  бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» деген өлең жолдары бәрімізге таныс. Осы төрт жолдан мемлекетіміздің ұстанған тіл саясатын көруге болады. Бүгінгі таңда бір шаңырақ астында тату-тәтті  өмір сүріп жатқан ұлт өкілдеріне өз тілдерін ұмытпай, дамытуға барлық жағдайлар жасалған. Осы бағыттағы жауапты жұмысты іске асыруда Қазақстан халқы  Ассамблеясының рөлі маңызға ие. ҚР Президенті Қ.Тоқаев кешегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында тіл мәселесіне парасаттылықпен қарау қажеттігін айтты.  Конституцияға қайшы келетін әрекеттерге жол берілмейтінін жеткізді. Қазақстан – достық пен татулықты ту еткен ел. Біз дамуға, бейбіт өмірге ұмтылған халықпыз. Лайым солай болғай. Біздің өңірге  тоқталар болсақ, ел ішінде қалыптасқан теріс стереотипті жоюуымыз қажет деп есептеймін.  Мысалы, облысымызда болмаған өзге өңір тұрғындары біздің географиялық орналасуымызға қарап, «Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының басым бөлігі орыс тілінде сөйлейді» деген тұжырымға келеді екен. Әрине, бұл – теріс пікір. Сырым мен Махамбет, Жұбан мен Қадыр, Құрманғазы мен Дина сынды ұлт мақтаныштары туған өлкеде қазақылықтың исі  аңқып тұрғанын көрсетуіміз керек. Ақ Жайық өңірін ән мен жырдың алтын бесігі деп таныту қажет. Бұл – өңір тұрғындарының міндеті. Сонымен қатар шеттегі қандастарымыздың мәселесіне тоқталып өткім келеді. Қандастарымыз үшін ең үлкен мәселе – жастардың білім алуы, қазақ тілінің қолданылуын кеңейту. Сондықтан оларға әдістемелік қолдау жұмыстарын күшейту қажет,  – деді Ғали Есқалиев.

Салтанатты кеште өңірімізде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға үлес қосып жүрген тіл жанашырларына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Құрмет грамотасы» және облыс әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.

Сондай-ақ сәуір айынан бері онлайн түрде қазақ тілі курсына қатысқан Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы өкілдеріне облыс басшысы атынан естелік сый ұсынылды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы  №689 қаулысына сәйкес, 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілді. Биылғы тіл айлығы 5 қыркүйектен бастау алып, 5 қазанға дейін жалғасады. Айлық аясында облыс аумағында 1000-нан астам шара жоспарланған және шаралар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналатын болады.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
334 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
435 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
678 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
945 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1169 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1208 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1361 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1554 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1786 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1873 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1985 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1990 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2024 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2023 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2130 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2352 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»