8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Маусым 2020 1591 0
Өзек

ОРАЛДА ТАҒЫ 10 НЫСАННЫҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

Орал қаласындағы нысандарда санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы бойынша жүргізілген тексеру бойынша тағы 10 нысанның қызметі тоқтатылды. Бұл туралы БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ықсанов көшесі, 87 мекенжайындағы «Фруктовый сад», М.Мәметова көшесі, 52 мекенжайындағы «Chaplin», «Альрамин» жарық шамдары дүкені, Назарбаев даңғылындағы «Рахат» асханасы, Әбілқайыр хан даңғылындағы «Gyros» тез тамақтану кафесі, Астана шағынауданы, 6 мекенжайы бойынша «Blade» barbershop, Гагарин көшесі, 36/1 мекенжайындағы «Керуен» дүкенінің екі бөлімшесі, «Мир дверей» дүкені және Д.Нұрпейісова көшесі 14/1 мекенжайында орналасқан «Мир обуви» дүкендері бойынша ҚР бас мемлкеттік санитар-дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптардың сақталмауы анықталды. Дәлірек айтқанда, көптеген бұзушылықтар  азық-түліктердің  оралмаған күйде сатылуы, адамдардың  көп жиналуы, дезинфекциялық заттардың, келушілердің  қолдарын өңдеуге арналған антисептиктер  қорының болмауына байланысты болған. Сондай-ақ бірқатар нысандардың қызеткерлері маскасыз, қолғапсыз жұмыс жасаған. Ал кейбір нысандарда қызметкерлердің жұмысқа кірісер алдында денсаулығы мен дене қызуының көрсеткіші жазылатын журнал болмаған.

Орал қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау басқармасының ұсынысы бойынша бұл нысандар анықталған бұзушылықтарды жойған соң, қызметтерін жалғастыра алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін санитарлық ережелерді сақтамаған 11 нысанның қызметі тоқтатылғанын хабарлаған едік.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»