8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Желтоқсан 2020 1747 0
Жалын

ОРАЛДА «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

ҚР Тәуелсіздігі күніне орай бүгін,  15 желтоқсан күні  Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағының БҚО филиалы мен Орал қаласының әкімдігі, Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздікке  тарту» атты оқушылар мен жас ақындардың аймақтық айтысы өтті.

Тиісті карантин талаптары сақталған сөз додасында Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысынан оқушы ақындар мен белгілі жас айтыскерлер өзара сайысқа түсті. Шараны Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының директоры, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағының БҚО филиалының төрағасы Бауыржан Халиолла ашып, ақындарға сәттілік тіледі.

Айтысқа қатысушыларға Бауыржан Халиолла, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі ұстаз, ақын Дариға Мұштанова, ардагер-ұстаз, жұбантанушы Үзілдік Елеубайқызы, ұстаз-ақын, «Ақберен» жас ақындар мектебінің жетекшісі Талап Таймасұлы,  айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ерікқали Ахметов, айтыс ақыны, журналист, «Жайық Пресс» медиахолдингі Ақпарат агенттігінің бас редакторы Ертай Бимұханов қазылық етті.

Аймақтық айтысқа Батыс Қазақстан облысынан Орынбек Меңдіқұл мен Нұрдана Темір, Мұрадым Мирланов пен Абзал Наурызғали, Айнабек Бисенғалиев пен Нұрым Амангелді, Жарқынбек Шынтаев пен Әділ Ахметов, Бекболат Қаленов пен Райымбек Өтепов және Ақтөбе облысынан Бекзат Құлшар мен Сағыныш Смет қатысты.

Бұл айтыстың басты жаңалығы – сахнаға төселген белгілі айтыскерлер (тәлімгерлер) мен өнерге енді қадам басқан оқушы және жас ақындар бақ сынасты. Сайыс талабына сай тәлімгерлер айтыс жүлдесінен тыс қатысты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша қаратөбелік Райымбек Өтепов пен оралдық Әділ Ахметов бас жүлдеге ие болды. Айтыстың арулары ақтөбелік Сағыныш Смет пен теректілік Нұрдана Темір ІІ орынды еншіледі. Сырымдық Нұрым Амангелді мен ақжайықтық Абзал Наурызғали ІІІ орынды өзара бөлісті. Жас ақындар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шара соңында Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов сөз сөйлеп, айтысты ұйымдастырушыларға шаһар басшысы атынан алғысхат пен естелік сыйлық табыс етті.  Айтысты қорытындылаған Бауыржан Халиолла айтыстың демеушілері – Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Дулат Жүсіпқалиевке, «Marhaban» шығыс асханасы кафесінің иесі Әсет Сұлтанұлына, жеке кәсіпкерлер Айбат Мырзағалиев пен Азамат Амангелдіұлына алғысхат пен естелік сыйлық тапсырып, қолдау білдірген баршаға рахметін жеткізді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
205 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
208 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
677 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
754 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
769 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
794 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
811 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1179 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1308 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1340 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1616 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1622 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1756 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
2048 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2147 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
2171 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
2382 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»