ОРАЛДА ТӨРТ ЖҰЛДЫЗДЫ ҚОНАҚ ҮЙ БОЙ КӨТЕРЕДІ
Орал қаласында Hilton халықаралық франшизасы бойынша бойынша сегіз қабатты төрт жұлдызды қонақ үй салынады. Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгіновтың қатысуымен шаһарымыздағы алғашқы төрт жұлдызды болашақ Double Tree by hilton қонақ үйінің капсуласы салынды. Қонақ үй Құрманғазы көшесі 84 мекенжайындағы бұрынғы «Ақжайық» қонақ үйінің орнынан бой көтермек.

– Бұл жұмысты бастау үшін бірнеше жыл жұмыстандық. Инвестор табылып, игі іс басталмақ. Мемлекеттің қолдауымен жергілікті инвестор қонақ үйді бастауға бекінді. Оралда барлығы бар. Бірақ, халықаралық дәрежедегі қонақ үй жетіспейтін еді. Енді ондай нысан болады. Облысымыздың туристік әлеуеті жоғары, тарихымыз терең. Орал шаһарында әлемдік дәрежедегі стандартпен қонақ үй салынатын болса, облыс орталығының деңгейі көтеріліп, инвест тартымдылығы күшейеді. Себебі, Орал – Еуропа құрлығында тұрған Қазақстан қалаларының бірі. Инвесторларға мемлекеттен қолдау болады. Өңірде осындай жобалардың жүзеге асырылуы маңызды. Елбасы қолайлы инвестициялық климат қалыптастырды. Соның арқасында ірі консорциумдар, трансұлттық компаниялар жұмыс жасауда, – деген Алтай Сейдірұлы өңірімізге инвестиция тартудың маңыздылығын атап, Бұл ретте атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарға тоқталды. Қазір Ақсай қаласында «Holiday Inn» қонақ үйі салынуда. Оралда тағы бір қонақ үйді салу мақсатымен инвестор іздестірілуде. Өйткені өңір жыл санап үлкейіп, Оралдың инвест тартымдылығы да күшеюде.
Hilton халықаралық франшизасы бойынша салынатын қонақ үй 123 нөмірлі болмақ. Оның ішінде бесеуі – люкс, 13-і – апартамент, 105-і стандарт нөмірлер болады. Әрі мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайланып бөлмелер жабдықталмақ. 25 және 500 орындық екі конференц зал, 250 орынға арналған Ballroom жасақтау жоспарда. Сегізінші қабатта – ашық аспан астындағы sky-бар болады. Сондай-ақ қонақ үйде бассейн, spa, фитнес орталығы да қарастырылады. Жаңа қонақ үйде 200 адамға жұмыс орны ашылмақ.
– Қонақүйдің эскиздік жобасы «Hilton» компаниясымен келісіліп, франшиза келісімшарты жасалды. Жоба құны – 12 млн. доллар көлемінде. Жартысын «Даму» қоры арқылы екінші деңгейлі банктерден несиемен алмақпыз. Бұл ретте облыс және қала басшылығы қолдау көрсетіп отыр, – дейді «GRAND HOTEL Service» ЖШС директоры Жақсылық Саматов.
Құрылысты жүргізетін бас мердігер «Рост Строй Сервис» ЖШС. Биыл іргетасы құйылып, ғимараттың құрылысы басталады. Құрылыс жұмыстарына 300-дей жұмысшы тартылмақ. Нысанды аяқтау 2021 жылдың соңына жоспарланған.
Эльмира НҰҒМАНОВА





Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу