8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Мамыр 2020 1430 0
Өзек

ОРАЛДА «СOVID-19» ЖҰҚТЫРҒАНДАР ЕМДЕЛУДЕН БАС ТАРТТЫ

Оралда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына «Сovid-19» инфекциясымен жатқызылған пациенттер ауруханада оқшауланудан бас тартып, үйлеріне  жіберулерін талап етті.

Оқиға  бүгін, 1  мамыр күні болған. Сағат 14.15 шамасында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатқан 30 шақты адам үйлеріне жіберулерін талап етіп, мекеме ауласына  шығып кеткен. Жүргізілген  ПТР зерттеу қорытындысында олардың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны нақтыланған. Алайда, олар өздерінде симптомдары байқалмайтынын айтып, медициналық мекемеден кетпек болған.

–  Медициналық қызметкерлердің  талабына құлақ аспаған. Оқиға  орнына жедел түрде полиция қызметкерлері жетіп, Полиция департаменті қызметкерлері жүргізген түсіндірме жұмыстарынан кейін сағат 14.45-те олар өз палаталарына барды. Қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ,  –   деп хабарларды БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің  бастығы Болатбек Еркебұланұлы.

Қазіргі уақытта БҚО денсаулық сақтау басқармасы мамандары пациенттерге түсіндіру жұмысын жүргізуде.

Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді.  1 мамырдағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 152 адам тіркелді. Тоғызы сауығып, үйіне шығарылды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»