ОРАЛДА СЕНБІЛІК ӨТТІ
Қаламыздың сәулеттік келбеті мен санитариялық жағдайын жақсарту, сонымен қатар абаттандыру және көгалдандыру мәселелерін оңтайлы шешу мақсатында бүгін, 24 тамыз күні қала аумағын санитарлық тазалау және абаттандыру сенбілігі ұйымдастырылды.

Аталған шараға қаламыздың меншік түріне қарамастан 503 ұйым-мекемелері жұмылдырылды. Сонымен қатар жастар қоғамдық бірлестіктері, коммуналдық мекеме жұмысшылары, құрылыс компаниялары, мемлекеттік қызметшілер және қаламыздың пәтер иелері кооперативтерінің жұмысшылары, құрылыс компаниялары мен басқа да ұйымдар қатысты. «Жайық Таза қала», «Жайық Жылу Қуат», «Батыс Су Арнасы» мекемелерінен 24 техника шығарылды.
Х.Есенжанов көшесінен С.Тюленин көшесіне дейінгі Шолохов көшесінде, Орал-Желаев трассасында жаппай санитарлық тазалау жүргізіліп, оған Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков бастаған әкімдік мамандары және облыстық басқармалар мен департаменттердің мемлекеттік қызметшілері атсалысты. Сонымен қатар, қала аумағындағы барлық мекемелер мен ұйымдар өз аумақтары мен іргелес аумақтарын қоқыстардан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Бұл күні шаһар аумағынан 332 текше метр қоқыс шығарылды. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, сенбілікке 6 мыңнан астам адам қатысқан.
– «Қала күніне» байланысты барлық қалалықтарға үндеу жарияланған болатын. Сол үндеуімізді қолдап, қала тұрғындарының тазалық шарасына атсалысқанына өзімнің және әріптестерімнің атынан алғыс айтамын. Әр сектор бойынша мекеме-ұйым қызметкерлері, белсенділік танытқан шағын кәсіпкерлік субъектілері, кәсіпорындар, құрылыс компаниялары тазалыққа үн қосты. Қаламыздың көркейіп, гүлденуі әрқайсымызға байланысты. Әр адам өз үйінің аумағын таза ұстаса, қаламыз да таза, көрікті шаһар болып қалады. Осы ретте баршаңызды сенбіліктер аясында шаһардың тазалығына үлес қосуға шақырамын, – деді шаһар басшысы Абат Абайұлы.




Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу