8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Маусым 2020 1661 0
Өзек

ОРАЛДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАН 11 НЫСАННЫҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

Бұл туралы БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирус пандемиясы кезеңінде  санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң сақтау әр азамат және  бизнес иелері үшін басты басымдылық болуы тиіс. Алайда  қауіпсіздікті қамтамасыз етудің  маңыздылығын көпшілік ұғынбай отыр. Аса сақ, ықыласты облыс тұрғындары осындай тәртіпсіздікті көріп, жергілікті органдарға жүгінуде. Мәселен, тұрғындар тарапынан «Аяжан» сауда үйінде, «Алтын алма», «Михаил» базарларында еліміздің бас мемлекеттік санитар-дәрігерінің  қаулысы сақталмай отырғаны туралы хабар түскен. Шағым бойынша  текесеру жүрізіліп, бұл нысандардың  бұзушылықтарға жол беріп отырғаны нақтыланды. Осылайша, іс материалдары сотқа жолданған.

Сондай-ақ Орал қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің  сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау басқармасы әкімшілік құқықбұзушылықтарға  жол берген  жеке  тұлғаларға  қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 462-бабы 3-тармақшасы бойынша  30 хаттама толтырып, материалдар Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотына  жіберілді.

Бұдан бөлек «Строитель»  шағынауданындағы «Солнышко», «Продукты», Гагарин көшесінде  «Радуга» , Еуразия даңғылындағы «Овощи-фрукты», «Минимаркет» дүкендерінде , Қонаев көшесіндегі гүл дүкенінде, Д.Нұрпейісова көшесі 14 /1  мекенжайындағы ательеде, Д.Нұрпейісова көшесі 14 /3 «Руслана», Әбілқайыр хан даңғылы 153 мекенжайындағы  «Дина» шаштаразында,  Еуразия даңғылындағы «Достар» кафесінде, Н.Назарбаев даңғылы 151 мекенжайындағы  «Сабина» сұлулық салонында  бұзушылықтар анықталған.  Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің  сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау басқармасы анықталған бұзушылықтарды жоймайынша, осы  11 сауда  нысанына қызметтерін тоқтатуды ұсынды.

Көптеген бұзушылықтар  азық-түліктердің  оралмаған күйде сатылуы, адамдардың  көп жиналуы, дезинфекциялық заттардың, келушілердің  қолдарын өңдеуге арналған антисептиктер  қорының болмауына байланысты болған. Сондай-ақ бірқатар нысандардың қызеткерлері маскасыз, қолғапсыз жұмыс жасаған. Ал кейбір нысандарда қызметкерлердің жұмысқа кірісер алдында денсаулығы мен дене қызуының көрсеткіші жазылатын журнал болмаған.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
93 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
134 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
66 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
314 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»