ОРАЛДА САНИТАРЛЫҚ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
1 сәуірден бастап Орал қаласында санитарлық тазалық екі айлығы жарияланды. Бүгін, 2 сәуір күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте қала әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй барша тұрғындарды тазалық жұмыстарына қатысуға шақырды.

Орал қаласы әкімінің қаулысына сай қала аумағын тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі санитарлық-экологиялық айлығы 1 сәуірден басталып, 1 маусымға дейін жалғасады. Тазалық айлығын өткізу шеңберінде қалалық және аулаішілік аумақтар бойынша жұмыстарды жүргізу (көгалдарды жинау, ағаш пен бұталар отырғызу, балалар және спорт алаңдарын жөндеу, шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау), тұрғын үй қорын ретке келтіру (ғимараттардың цокольдері мен қасбеттерін жуу және жөндеу, есіктерін, күнқағарларын, кіреберістерін, баспалдақтарын, жертөле және шатыр үй-жайларын жөндеу), жол, әлеуметтік сала, өнеркәсіп, құрылыс объектілерін, қаланың коммуналдық кәсіпорындары тазалық жұмыстарын жүргізгеннен кейін, бұзылған абаттандыру элементтерін ретке келтіреді. Бұдан басқа сенбілік барысында қала аумағын табиғи және тұрмыстық қоқыстардан тазарту, құлаған ағаштардың үйінділерін бөлшектеу, құрғақ бұталар мен ағаштарды кесу және шығару, жалпықалалық аумақта көшеттерді әктеу және отырғызу сияқты жұмыстар орындалатын болады.
Көктемгі сенбіліктерді өткізу қаланың барлық инфрақұрылымын жазғы кезеңге кешенді дайындауға бағытталған. Осы орайда қала басшысының орынбасары Мирас Мүлкәй меншік иесіне қарамастан әр нысанның аумағын жинау, көгалдандыру, ғимараттардың қасбеттерін сырлау жұмыстары жүргізлуі тиістігін атап өтті.
– Қаланың тазалығы, келбеті үшін тазалық жұмыстарына бір кісідей атсалысуға шақырамын. Қазіргі уақытта магистарлды даңғылдар бойынша коммуналдық мекемелер тазалауды бастады. Сондай-ақ олар даңғыл бойындағы ағаш түптерін қопсыту, әктеумен айналысады. Сенбіліктер барысында заңды және жеке тұлғаларға өкімдер беріледі. Өкімдер орындалмаған жағдайда штаб отырысының шешіміне сай абаттандыру ережесінің сақталуына қатысты ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 505-бабына сәйкес шара қолданылады, – деді Мирас Рүстемұлы.
Сенбіліктерді өткізу үшін қала сызбалық түрде жауапты 20 учаскеге бөлініп, әкімдік тарапынан жауапты тұлға бекітілген. Әрбір жауапты тұлға өз секторында ұйымдастыру іс-шараларын және учаскелерді бөлуді жүргізеді.
Жиналған қоқыс орталықтандырылған түрде «Жайық Таза қала» ЖШС және «Орал Таза Сервис» ЖШС күшімен қала көшелерінен шығарылады. Сенбілік өтетін күндері «Асан» карьерінде және Саратов тас жолы бойындағы полигондар қатты-тұрмыстық қалдықтарды және құрғақ қоқыстарды қабылдауды тегін жүргізеді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиев сенбілік жұмыстарын жүргізу кезінде қауіспіздікті сақтау, төтенше жағдайдың туындауына жол бермеуді ескертті.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу