ОРАЛДА ПӘТЕРЛЕРГЕ ҰРЛЫҚҚА ТҮСКЕНДЕР ҰСТАЛДЫ
Орал қаласы Полиция басқармасы мен Абай Полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімінің кәсіби шеберлігі шыңдалған жедел уәкілдері мен жедел криминалистік бөлімінің еңбек өтілі мол қызметкерлері бірлесіп, 20 күн бойы Орал қаласында пәтер ұрлаған қылмыстық топты ұстады.

Олар 20 күн ішінде төрт пәтерді тонап үлгерген. Қылмыстық топ құрамындағы 2 жігіт әр пәтерге үй иелері қызметте болған уақыттарды пайдаланып, яғни күндіз ұрлыққа түскен. Әсіресе, 4 ықшам ауданы, «Строитель» ықшам ауданы, Мұхит көшесіндегі жәйлі пәтерлі үйлердің есіктеріне кілттерді үйлестіріп ашу арқылы ішке кірген. Орал қаласы Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, көп ретте үй ішінен ақша мен алтын бұйымдарды іздеп, әр пәтердің астан-кестеңін шығарып кеткен.
Нақтырақ айтқанда, 16 маусымда таңертеңгі сағат 08.00 мен кешкі сағат 20.00 аралығында Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы бір жәйлі пәтердің есігіне кілттерді үйлестіре ашып, ұйден 100 мың теңге, алтын сырға, алтын сақина, алтын неке сақинасы, 2 алтын алқа, күміс сақина, алтын жалатылған күміс сақина сынды зергерлік бұйымдарды алған. 1965 жылғы осы үй иесіне 720 мың теңге шығын келді.
Осы топ 15 маусымда түскі дейін аралықта Мұхит көшесіндегі бір жәйлі пәтерге еніп, ер адамның алтын сақинасын, ер адамның алтын сағатын және алтын сақина ұрлаған. 1964 жылғы бұл пәтер иесіне де 630 мың теңге материалдық шығын келді.
Ал 4 ықшам аудандағы бір пәтерден 12 мың теңге ғана тапқан. Іле шала жасырынған. Одан соң «Евразия» даңғылындағы пәтерге ұрлыққа түсіп, 12 түрлі алтын бұйымды сыпырып кеткен. 1985 жылғы Е. есімді азаматшаға 325 мың теңге шығын келді.
Криминалистер пәтерлердің есік терезе жақтауларында қалған саусақ іздерін алып, зерделегенде күдіктілер туралы мәліметтер шыға бастаған.Олардың бірі Атырау қаласының, екіншісі Орал қаласының тұрғыны екені, еш жерде жұмыс жасамайтыны полиция қызметкерлеріне мәлім болды. Тергеу алды барысында күдіктілердің бұған дейін де дәл осындай қылмыстар жасап, істі болғандары анықталды. Сараптама нәтижесіне сай күдікті тұлғалар деп жедел уәкілдер басқармаға жеткізгенде, олар ұрлық жасағандарын толық мойындаған.

Орал қаласы Полиция басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, пәтер ұрлығының ашылуына Орал қаласы ПБ жедел криминалистік бөлімінің аға криминалисі полиция майоры Эльдар Вахитовтың еңбегі зор. Осылайша 20 күн ішінде 4 пәтерді тонаған қылмыстық топ ұсталды. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлімімен іс қозғалды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу