ОРАЛДА ҚОС СПОРТ НЫСАНЫ АШЫЛДЫ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орайластырылған «30 жұлдызды күн» іс-шаралары аясында Орал қаласында «Каратэ-WKF Арина каратэ» және жауынгерлік өнер түрлері бойынша екі орталықтың ашылу салтанаты өтті.
Бұл салтанатқа қала әкімінінің орынбасары Мирболат Нұржанов қатысып, өскелең ұрпақты ептілік пен төзімділікке тәрбиелеп, салауатты өмір салтын қалыптастыруда жаңа спорт нысандарының маңызы зор екенін атап өтті.
Каратэ-WKF Арина каратэ орталығының аумағы 240 шаршы метрді қамтитын заманауи спорт кешенінде балалар мен жасөспірімдер үшін барлық жағдай жасалған. Мекемеге жан басына шаққандағы қаржыландыру қарастырылған, нақтырақ айтсақ жас буынға тегін қызмет көрсетеді. Мақсаты – күн шығыс елінің жауынгерлік өнерін бойына дарытып, ел намысын әлемдік деңгейде көтеріп болашақтың тізгінін ұстар мықты спортшы, жас буынға үлгі болар тұлға қалыптастыру.
Бүгінде споршылар арасында кең қызығушылық тудырып келе жатқан жауынгерлік өнер түрлеріне арналған жаңа орталықтың аумағы 250 шаршы метрді құрайды. Мұнда жас өрендер күрес және жекпе-жек спорт түрлерінен жаттыға алады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Nuctech жобасы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға серпін береді
От хроники к будущему: в Казахстане стартует кинолекторий ТРК Президента
Қоғамдық топтасу: әлеуметтік сауалнама Президент саясатына ауқымды қолдауды айқындады
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Казахстан оказался самым экономным потребителем воды в Центральной Азии
БҚО-да ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттері жаңғыртылуда
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды
БҚО-да полиция қызметкерлері қорқытып ақша талап ету дерегінің жолын кесті

Кіру
Пікір үстеу