8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қараша 2018 2296 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА ҚОҒАМДЫҚ ҚӨЛІКТЕР ЖАҢАРТЫЛУДА

Биыл тасымалдаушы кәсіпорындар 35 бірлік жаңа автобус алды. Автобус паркін жаңарту келер жылы да жалғасады.  Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов пен қала басшысы Мұрат Мұқаев желіге қосылған жаңа автобустардың артықшылықтарын арнайы көріп қайтты.

Орал қаласында жолаушы тасымалымен алты кәсіпорын айналысады. Қала ішінде күніге 450-ден астам қоғамдық көлік жолаушыларға қызмет көрсетеді. 2017 жылы қабылданған қоғамдық көліктерді жаңғырту тұжырымдамасы аясында мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Екі жыл бұрын қоғамдық көліктердің 40  пайызы, яғни 190-ы шағын автобустар болған болса, қазір 20  пайызы ғана ГАЗельдер. Оған қоса ескі «ПАЗ» автобустары да жаңартылуда. Мәселен, бүгін «Уралтехсервис» ЖШС №20 бағыттағы маршруттарды толығымен «Вектор» маркілі автобустарымен ауыстырды. Жаңа автобустардың сыйымдылығы 70 адамға лайықталған. Ішкі және сыртқы көріністерді толық бақылау үшін төрт бейнекамера орнатылған. Сондай-ақ биыл «Ақжолавто» ЖШС №7 бағыт бойынша 10, «Батыс Дилижанс» ЖШС №39 бағыт бойынша 10  жаңа автобусты желіге қосты. Автобустардың құны 20-30 млн. теңге аралығында.

–  Тасымалдаушы кәсәпорындар екінші деңгейлі банктер арқылы жаңа автобустарды алды. Қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары жалғасады. Келесі жылы «БРК-Лизинг» компаниясы арқылы 100-ден астам жаңа автобус алу жоспарлануда. 2020 жылға дейін автобустар толық жаңартылады. Бүгінде  барлық қоғамдық көліктерге GPS-бағыттаушы құрылғысы орнатылды. «Іnfobus» қосымшасы арқылы 70 мыңдай оралдық маршруттардың қозғалысын онлайн бақылап отыр. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында сегіз бағыттағы маршрут жолақыны көлік карталары арқылы қабылдауда. Сондай-ақ жеті бағыттағы маршрутта жолақыны «SMSBUS» жүйесімен төлеуге мүмкіндік бар, – қала әкімі дейді Мұрат Рахметұлы.

          

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
85 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
64 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
76 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
145 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
162 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
192 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
147 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
151 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»