ОРАЛДА ҚОҒАМДЫҚ ҚӨЛІКТЕР ЖАҢАРТЫЛУДА
Биыл тасымалдаушы кәсіпорындар 35 бірлік жаңа автобус алды. Автобус паркін жаңарту келер жылы да жалғасады. Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов пен қала басшысы Мұрат Мұқаев желіге қосылған жаңа автобустардың артықшылықтарын арнайы көріп қайтты.

Орал қаласында жолаушы тасымалымен алты кәсіпорын айналысады. Қала ішінде күніге 450-ден астам қоғамдық көлік жолаушыларға қызмет көрсетеді. 2017 жылы қабылданған қоғамдық көліктерді жаңғырту тұжырымдамасы аясында мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Екі жыл бұрын қоғамдық көліктердің 40 пайызы, яғни 190-ы шағын автобустар болған болса, қазір 20 пайызы ғана ГАЗельдер. Оған қоса ескі «ПАЗ» автобустары да жаңартылуда. Мәселен, бүгін «Уралтехсервис» ЖШС №20 бағыттағы маршруттарды толығымен «Вектор» маркілі автобустарымен ауыстырды. Жаңа автобустардың сыйымдылығы 70 адамға лайықталған. Ішкі және сыртқы көріністерді толық бақылау үшін төрт бейнекамера орнатылған. Сондай-ақ биыл «Ақжолавто» ЖШС №7 бағыт бойынша 10, «Батыс Дилижанс» ЖШС №39 бағыт бойынша 10 жаңа автобусты желіге қосты. Автобустардың құны 20-30 млн. теңге аралығында.
– Тасымалдаушы кәсәпорындар екінші деңгейлі банктер арқылы жаңа автобустарды алды. Қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары жалғасады. Келесі жылы «БРК-Лизинг» компаниясы арқылы 100-ден астам жаңа автобус алу жоспарлануда. 2020 жылға дейін автобустар толық жаңартылады. Бүгінде барлық қоғамдық көліктерге GPS-бағыттаушы құрылғысы орнатылды. «Іnfobus» қосымшасы арқылы 70 мыңдай оралдық маршруттардың қозғалысын онлайн бақылап отыр. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында сегіз бағыттағы маршрут жолақыны көлік карталары арқылы қабылдауда. Сондай-ақ жеті бағыттағы маршрутта жолақыны «SMSBUS» жүйесімен төлеуге мүмкіндік бар, – қала әкімі дейді Мұрат Рахметұлы.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу