8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Маусым 2020 1388 0
Қоғам

ОРАЛДА «НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 284 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Бүгін Оралда тоғыз қабатты екі үй қолданысқа берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында шаһардың солтүстік-шығыс бөлігінен бой көтерген қос үйден 284 отбасы баспана алды. Тұрғындардың қуанышына облыс басшысы Ғали Есқалиев пен қала әкімі Абат Шыныбеков ортақтасып, 1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесінде баспаналы болған отбасылардың қоныстарына құтты болсын айтып, шаңырақтарының балғындардың шатты күлкісіне толы болуын тіледі.

– Жаздың алғашқы күні 284  жерлесіміз үшін айтулы, ерекше  күн болып отыр. Менің есебімше, осы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 400-дей бала Балаларды қорғау күнін жаңа пәтерде  қарсы алмақ. Осы қуаныш ұзағынан болсын. Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бірнеше жыл бұрын іске қосылған еді. Бірнеше  жылдың ішінде аталған бағдарламаның тиімділігі анық байқалды. Мемлекет тарапынан баспанаға қол жеткізуде  жеңілдетілген несие түрінде жеңілдік жасалуда. Сондай-ақ жер бөлініп, әр үйге инфрақұрылым тартылды. Бұл үйлердің нақты өзіндік құны – 1 шаршы метрі үшін 180  мың теңге. Ал бағдарлама аясында 1 шаршы метріне – 140  мың теңгеден есептелді. Яғни, мемлекет қазынасынан 40 мың теңгесі өтелуде. Бұл, әсіресе, табыс деңгейі төмен отбасылар үшін қолайлы. «Нұрлы жер» арқылы былтыр облыста 1080 пәтер тапсырылды. Биыл кемінде 1800 пәтер беріледі, яғни өткен жылғыдан 80 пайызға көбейтілмек. Екіншіден, мұндай жобалар елдімекендердің  дамуына серпін береді. Бағдарлама аясында облыс орталығында ғана емес, аудан-ауылдарда  да  тұрғын үйлер салынуда, – деген Ғали Есқалиев  қос үйдің құрылысын жүргізген компания басшыларына  алғысын білдіріп, тұрғындарға  пәтерлерінің  кілттерін табыс етті.

Пайдалануға берілген екі үйдің  құрылысын «СКФ Отделстрой» және «Болашақ-Т» ЖШС-лары жүргізген. Олардың бірі – 180, екіншісі – 104  пәтерлі.  Бұлар – қаланың солтүстік-шығыс бөлігінен беріліп отырған алғашқы үйлер.

Жалпы қаланың  солтүстік-шығыс бөлігін игеру 2016 жылы басталған болатын. Магистралды инженерлік желілер тартылып, қазіргі уақытта автокөлік жолдарын салу, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа шағын ауданның аумағы – 108,6 гектарды құрайды. Бұл аумақта 30 көпқабатты үй салу жоспарланған. Бүгінде  10 нысанның құрылысы жүруде. Болашақта бұл аудана 12  мыңға жуық тұрғын қоныстанады деп күтілуде. Сондықтан мектеп, балабақша, емхана сынды әлеуметтік инфрақұрылымдар, спорттық, коммерциялық нысандар құрылысы да жоспарланған.

Жыл соңына дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында  сегіз көпқабатты үй тапсырылады деп күтілуде. Демек , жыл аяғына дейін тағы 1355  отбасы өз баспаналарына қол жеткізеді.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
39 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
62 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
69 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
157 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
151 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
159 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
242 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
500 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
691 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
822 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
832 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
907 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1310 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1326 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1404 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1492 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1698 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1697 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»