8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қараша 2020 916 0
Қоғам

ОРАЛДА МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

   Бүгін Орал орталық мешітінде Адамзаттың Ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген айының құрметіне орай Мәуліт оқылды. Бұл туралы ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі хабарлады. 

Еліміздегі эпидемиялық жағдай кезіндегі сақтық шараларына байланысты ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Мұхтарханұлының ұйымдастыруымен облыстық орталық  мешітінде онлайн режимде Мәуліт шарасы өтті.

Екі дүние сардары, адамзаттың мырзасы болып табылатын сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние есігін ашқан айдың құрметіне орай ұйымдастырылған іс-шарада облыстық орталық мешітінің азаншысы Асхат Асылбекұлы қасиетті құранды  оқыса, наиб имам Мейрамбек Ақылбекұлы мәуліт оқып, бас имам Мұратбек Қыстаубаев Жаратушы Алладан еліміз бен жеріміздің амандығын тіледі.

Мәулітке орталық мешітінің ақсақалдары мен мешіт қызметкерлері қатысты.

Аталмыш рухани шара мешітіміздің Instagram әлеуметтік желісіндегі akmeshit_bko.07 парақшасынан тікелей эфирде көрсетілді.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
44 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
94 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
54 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»