8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Ақпан 2021 1430 0
Қоғам

ОРАЛДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Бүгін, 16  ақпан күні халықпен онлайн есептік кездесуде  қала әкімі Абат Шыныбеков әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша жоспарланған жобаларды таныстырды. 

 

Қала әкімі мәлім еткендей, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы-әлеуметтік қызметтер көрсету, туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру және қоғам өміріне тең жағдайда араласу мүмкіндігін кеңейту мақсатында ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде «Оңалту орталығын» ашу жоспарлануда. Мұнда оңалтудың алғашқы сатыларын қолдану арқылы ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге тұрақты түрде әлеуметтік бейімдеу және психологиялық-педагогикалық қызметтерді көрсететін болады. Сондай-ақ «Ten Qogam»  әлеуметтік қолдау орталығы ашылады.

– «Бір терезе» қағидасы арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында «Ten Qogam»  әлеуметтік қолдау орталығын ашу көзделуде. Орталық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға  фронт-офис режимінде әлеуметтік, заңгерлік, жұмысқа орналасу, өз ісін бастауда кәсіпкерлікке баулу, тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларды үйрету сияқты қызметтерді көрсетеді. Орталықтың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға өз мүмкіндіктерін іске асыруға мейлінше жағдай туғызу. Қала аумағында ашылған аула клубтары  мен «комьюнити» орталықтары жанында «Белсенді ұзақ өмір»  жобасы жүзеге асырылатын болады. Жоба зейнеткерлік жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, жүйелі мәдени-демалыс жұмысының инфрақұрылымын құру, бос уақытын ұйымдастыруды қамтиды, – деді қала әкімі Абат Абайұлы.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»