8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Желтоқсан 2019 2450 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА ҰЛТТЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ РӨЛІНЕ АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

12 желтоқсан күні Оралда дәстүрлі «Жаһанша оқулары» жобасы аясында «Қазақ зиялылары ұлттық тәуелсіздік жолында: ХХ ғасырдың бірінші ширегі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. 

Конференцияның пленарлық мәжілісі Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында сағ.9.00-де басталады.

Бұл шараға тарих ғылымдарының докторы, академик Т.Рысбеков, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы М.Сабыр, Германиядағы Бонн университеті Шығыстану және азиялық зерттеулер институтының докторы, профессор Н.Кенжеахмет, Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Ш.Забих, Халықаралық «Қазақ тілі» ұйымы Ресей Федерациясы филиалының және Орынбор «Достық үйі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сауле Тайкешева қатысады деп күтілуде.

Конференцияда мемелекет және қоғам қайраткері Ораз Исаев, ХХ ғасырдың басындағы саяси қайраткер Жаһанша Досмұхамедовтың мемлекеттік және құқықтық көзқарасы, Мұстафа Шоқайдың мемлекеттік көзқарасы, «Алаш» ұлттық автономиясының концепциясы, ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ зиялыларының рөлі туралы баяндама жасалады.

Сондай-ақ қазақ зиялыларының өмірі және қоғамдық-саяси қызметі, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет құрудағы қазақ зиялыларының тарихи көзқарастары әдебиет, ұлттық тіл, жазу, емле ережелері тақырыптары бойынша секциялық отырыстар өтеді.

Айта кетейік, конференцияны ұйымдастыруға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі ұжымы ұйтқы болып отыр.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
62 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»