8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Тамыз 2020 1776 0
Қоғам

ОРАЛДА ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ЖАУЫНГЕРЛЕРІ ТӘРТІП БҰЗҒАН АЗАМАТТЫ ҰСТАДЫ

Оралда  Ұлттық ұлан жауынгерлері қала көшесінде пышақ ұстап жүрген ер адамды ұстады. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Көшеде қару алып жүрген азаматты құрамында  патруль бастығы жауынгер Әбсет Айболат және патруль жауынгерлері Нәби Қожахметов пен Иван Жуков бар 5517 әскери бөлімінің әскери жасағы«Марина» кафесі маңынан ұстаған.

Хабарламада баяндалғандай, 1 тамыз күні кешкі 19.25  шамасында патрульде жүрген жеке құрам кафе маңынан ер азаматты байқаған. Ол азаматтың әскерилерді көргенде тұрғын үйлердің  арасына  жасырынуға тырысып, жүрісін жылдамдатуы  патруль жасағының күдігін тудырған.

Жеке құрамның тез шешім қабылдап, батыл қимылдауының нәтижесінде ол ұсталып, құжаттарын тексеру және тыйым салынған заттардың  болуын қарау кезінде сол  жағындағы қалтасынан қолдан жасалған пышақ табылған.

Әр қарай тексеру жүргізу үшін ұсталған азамат және  одан табылған суық қару полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Ал қызметті атқару кезіндегі батыл әрекеттері мен жоғары кәсібиліктері үшін әскери жасақ әскери бөлім командирі атынан ынталандырылды.

 zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
74 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
122 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
161 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
418 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
439 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»