ОРАЛДА КҮЙШІ ЕДІГЕ НӘБИЕВТІҢ КЕШІ ӨТТІ
Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында 20 маусым күні Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Үкілі домбыра» байқауларының жүлдегері, күйші, домбыра жасау шебері Едіге Нәбиевтің шығармашылығына арналған «Өрісті өнер өнегесі» кеші оздырылды.

Алдымен «Өрісті өнер өнегесі» кітабының тұсауы кесіліп, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов құттықтау сөз сөйледі. Одан әрі кештің арнайы қонағы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы сыйлықтың және Қазақстан білім берудегі, ғылымдағы жетістігі үшін А.Байтұрсынов «Алтын», Ы.Алтынсарин атындағы медальдарының иегері, профессор Кәрима Сахарбаева сөз тізгінін алып, шараны жүргізді.
Шара барысында кеш иесінің орындауында халық күйі «Ақсақ құла», Әлікей «Қоңырала», Махамбет «Шілтерлі терезе», Қазанғап «Қаратөс», Ақбикеш «Айнам қалды», Соқыр Есжан «Қош,аман бол, Ақбикеш», «Соқыр Есжан», Құрманғазы «Айда, бұлбұл, Айжанай», Ерғали Есжанов «Қоштасу», Құрманғазы «Жәмилә», Дәулеткерей «Көркем ханым», «Жеңгем сүйер», «Аңшылық», сондай-ақ ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Қ.Бердіғалиев халық әні «Шымыр», ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері Е.Қазиев Құрманғазы «Терісқақпай», Дина «Байжұма», П.Ищенко «Шалқыма», Е.Молдабеков «Қайран, Нарын», Ф.Оразов «Шернияздың термесі», Е.Ғұбайдуллин халық күйі «Кербез Ақжелең» ән-күйлерімен көрерменді бір тебірентті.
Батыс Қазақстан облысы бойынша филиал жетекшісі А.Кенжеғалиев Күйшілер одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің куәлігін, Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы А.Батырханов «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапаттаса, К.Сахарбаева «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры» атағымен құттықтап, диплом табыс етті.


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу