ОРАЛДА ИНВЕСТИЦИЯЛАР МЕН ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФОРУМ ӨТТІ
Бүгін Оралда Digital In West — инвестициялар және цифрландыру бойынша өңірлік форумы өтті. Форумда қоғамды, мемлекет пен бизнесті цифрландыру үшін инновациялық экожүйені құру және дамытуға ерекше назар аударылды. Оған отандық және шетелдік инвесторлар мән кәсіпкерлер қатысты.

Орал трансформатор зауыты базасында ұйымдастырылған форум аймақтың экспортқа бағытталған тауар өндірушілерінің және форум қатысушыларының ІТ жобаларының көрмесімен басталды. Көрмеде 30 шақты жергілікті кәсіпорынның өнімдері мен республикамыздағы 15 ІТ жоба таныстырылды. Форумның пленарлық мәжілісін облыс әкімі Ғали Есқалиев ашып, цифрландыру аясында облыста іске асып жатқан жобаларды таныстырып өтті.
– Цифрландыру – сапалы, қолжетімді интернет болмаса, мүмкін емес. Сол себепті, ауыл мен қала арасындағы цифрлық айырмашылықты жою мақсатында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында облыс аудандарын 2020 жылға дейін кең жолақты интернетпен қамту жоспарланды. Жалпы бес аудандағы 92 елдімекенге интернет желісін тарту көзделіп отыр. Биыл 60 ауылға талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылса, келер жылы қалған 32 елдімекенге интернет қолжетімді болады. Кез келген инвестициялық жоба жер учаскесінен басталады. Қазіргі уақытта облысымызда жер учаскелерін ұсыну аукцион бойынша онлайн режимде жүргізілуде. Бұл әзірге облыс орталығы бойынша қолға алынды. Жыл соңына дейін аудандарда да жер учаскелерін беру онлайн аукционға көшірілетін болады. Биылғы жылы онлайн режимде 27 аукцион өткізіліп, 74 жер учаскесінің жалдау құықығы сатылымға шығарылды. Жыл соңына дейін қаланы толықтай цифрландырған соң, барлық жер учаскелері аукционға шығарылатын болады. Сондай-ақ БҚО-ның геоақпараттық порталын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл портал бос жер учаскелерін анықтауға, оның мақсатты пайдаланылуын, жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан болатын бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек биылғы жылы BITRIX-24 жүйесі негізінде «БҚО Жобалық кеңсесі» құрылды. Қазір бюджеттік, инвестициялық жобалар ғана емес, мемлекеттің қолдауын қажет ететін жеке инвесторлардың жобалары да осы бағдарламаға енгізіліп отыр. Шамамен 200-дей жоба бар. Онлайн режимде жоба инвесторларымен сөйлесіп, жобаның жоспарын, атқарылу кезеңдерін, негізгі көрсеткіштерін бақылай аламыз. Бағдарлама біздің облыс үшін жаңа. Бұл инвесторлардың мемлекеттік органдармен онлайн режимде хабар алысуына және уақытты үнемдеуге септігін тигізеді. Сондай-ақ астанамыздың үлгісінде 109 iKomek апаттық-коммуналдық қызметінің қалалық саІІ-орталығы іске қосылды. Бұрын әрқайсысы бөлек, яғни алты түрлі телефон нөмірі болған болса, қазір ол бірыңғай 109 нөміріне біріктірілді. Бұл оралдық ІТ-компанияның дайындаған әзірлемесі болып табылады. Жыл соңына дейін шұғыл қызметтер үшін бірыңғай қызмет жобасын енгізетін боламыз, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
Сонымен қатар облыс басшысы финдіктермен бірлесе жобалау және құрылыс саласына енгізілген 3D CAVE жүйесі, Smart City аясындағы жоспарланған жобаларды таныстырды.
Жиын барысында Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадов Әзірбайжан еліндегі цифрландыру жүйесінің енгізілуін баяндаса, Қазақстан-Герман аграрлық-саяси диалогының басшысы Йорг Динкелакер Германияның агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру тәжірибесін Қазақстанда қолдану мүмкіндіктерінің жоғары екенін жеткізді. КАС Консалтинг директоры Ирина Сулименко АӨК цифрландыру тәжірибесі туралы, Нұр-Сұлтан қаласынан келген «Елорданы тұрақты дамыту орталығының ІТ-сәулетшісі Виталий Пустовойтенко аймақты басқарудағы BIG DATA құралдарын қолдану жобасына тоқталды.
Форум аясында бірнеше мекеме-кәсіпорындар арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалды.
Форум жұмысы «Smart City жобасын дамыту», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және өнеркәсіпті цифрландыру (Индустрия 4.0)», «Инновациялық экожүйені дамыту», «Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру» тақырыптарындағы секциялық отырыстармен жалғасты.
Эльмира НҰҒМАНОВА




Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу