8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Шілде 2020 1777 0
Өзек

ОРАЛДА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ КӨБЕЙДІ

Жыл  басынан бері Орал қаласында алаяқтыққа қатысты 110  қылмыс тіркелген. Оның 70 пайызы электронды түрде орын алған. Яғни, қала тұрғындары интернет алаяқтарының құрығына ілініп отыр. Орал қаласы Полиция басқармасы Абай полиция бөлімінің мәліметінше, интернет алаяқтығына қатысты қылмыстардың ашылуы 49 пайызды құрады, 2019 жылдың 6 айында 61,1 пайызды көрсеткен.

Егер де бейтаныс тұлға хабарласып, өзінің басқа қалада жүргенін айтып, дәл қазір картаңыздың нөмірін жазып салуды сұраса, бейтаныс адамдарға жеке басыңыздың деректері мен банк картасының пин-кодтары мен нөмірлерін айтпау керек.

Соңғы уақытта өзін Каспий банк қызметкерімін деп таныстырып, қала тұрғындарының карталарының нөмірлерін, өзге де деректерін сұрап алып, ақшаларын шешіп алу жағдайы жиіліген. Полициейлер түсіндіріп өткендей, ешбір банктің ресми өкілі немесе банк қызметкері банктің смс-кодтарын сұрамайды, себебі, ол код жасырын болуы тиіс. Осындай сұратқан мәліметтерді айта салған азаматтар алаяқтарға алданып қалуда.

Алаяқтар  бірнеше азаматты дүрліктіріп, оларға көп шығын әкелді. Моральдық және материалдық тұрғыдан зиян келтірді. Сол себепті тәртіп сақшылар облыс пен қала тұрғындарының алаяқтарға алданып қалмауларын, жалған телефон шалушылардан сақ болуларын  сұрайды.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
73 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
121 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
160 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
417 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»