8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қазан 2020 1581 0
Спорт

ОРАЛДА ГИМНАСТШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Бүгін Орал қаласында батуттық гимнастика, акробатикалық жолда секіру және көркем гимнастика орталығы ашылды. Жаңа орталық оқушылар сарайы ғимаратында орналасқан.

Батутта секіру және акробатика мен көркем гимнастика – олимпиадалық спорт түрі саналады. Демек аталған орталықтың ел намасын қорғайтын болашақ чемпиондарды даярлауда маңызы ерек. Өңірдің жас спортшылары бұған дейін №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі спорттық гимнастика, спорттық акробатика және интеллектуалды спорт түрлері бөлімдерінде оқу-жаттығу үрдісін жүргізіп келеді. 2017 жылдан бастап бұл спорт клубында батуттық гимнастика және акробатикалық жолда секіру бөлімі ашылған. Тынымсыз еңбек пен жүргізілген жаттығулардың арқасында бүгінде есімдері елге танылып, спортта жарқын жеңістерге жеткен, мектептің мақтанышы ғана емес, облысымыздың мәртебесін биіктетіп жүрген спортшылардың қатары артып келеді. Енді олардың жаттығу шараларын жүргізіп, одан әрі ширыға түсуіне, зор жетістіктерді бағындыруына жаңа мүмкіндіктер жасалуда.

Орталықтың салтанатты ашылуында Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов жас спортышыларға мүмкіндіктер жасауда инфрақұрылымдардың тиімді пайдаланылуы назарда екенін атап өтті.

– Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында шаһарымызда  оқушылар мен жастар сарайы ашылған еді. Бұл жалпы батысқазақстандық оқушылар мен жастар үшін шығармашылықпен, спорттың түр-түрімен айналысуына мүмкіндіктер жасаған орынға айналды. Бүгін міне, осы ғимараттағы жеңіл атлетикалық залдың функциясы кеңейіп, енді батуттық гимнастика, акробатикалық жолда секіру және көркем гимнастика салаларында да жұмысты жалғастырмақ. Инфрақұрылымды тиімді пайдалану мақсатында қажетті құрал-жабдықтар алынды. Осы орталықта тәрбиеленген балаларымыз болашақта құрлықтық және әлемдік олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері болады деп күтеміз, – деді Бақытжан Хаберұлы.

Осы шараға арнайы Шымкенттен келіп қатысқан, бүгінге дейін бірнеше чемпиондарды тәрбиелеп шығарған ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, акробатикадан, гимнастикадан спорт шебері Хикматулла Нұрходжаев балалардың жаттығуы үшін жағдай жасап, батутпен, акробатикалық жолмен қамтамасыз еткен өңір атқамінерлеріне ризашылығын жеткізді. Оның айтуынша, әлем чемпионаттарында дәл осындай батутта секіреді. Егер тағы бір батут алынса, бұл орталықта республика немесе Азия чемпионаттарын ұйымдастыруға болады.

– Жетекші спортшылардың да осында тәжірибе алмасу жиынын өткізуге болады. Өңірде  келешегінен үміт күттірер ұландар бар. Облыс басшылығы жаттықтырушылардың  тәрбиеленушілерді кәсіби жабдықтармен толыққанды дайындауларына жағдай жасап отыр.  Жақын болашақта чемпиондарыңыз болады деп сенемін, – деді Хикматулла Хабиболлаұлы.

Шара барысында  №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің  спортшылары мен Хикматулла Нұрходжаевтың  шәкірттері – батуттық гимнастикадан халықаралық санаттағы спорт шебері, ҚР-ның бірнеше дүркін чемпионы, екі мәрте  Әлем чемипионы, Азия ойындарының  қола жүлдегері Пираммад Әлиев пен акробатикалық жолда секіруден ҚР чемпионы, Әлем чемпионатының финалисі Рустам Юсупов көрнекілік көрсетілім жасады. Сонымен қатар «Созвездие» көркем гимнастшыларының өнері тамашаланды.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
37 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
152 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
406 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
664 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
907 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
940 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1094 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1288 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1522 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1609 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1719 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1728 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1756 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1761 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1865 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2085 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»