ОРАЛДА «ДОСТЫҚ» СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
«Қала күні» мерекесі аясында бүгін, 24 қыркүйек күні Орал қаласында «Достық» спорт кешені ашылды. Жеке инвестиция есебінен салынған кешеннің ашылуына қала әкімі А.Шыныбеков, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров, Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев және спорт саласы мамандары мен ардагерлері қатысты.
Кәсіпкер Марат Истаев бұл спорт кешенін салуға өз есебінен 200 млн. теңге жұмсаған. Қос қабатты ғимараттың бірінші қабатында аумағы 800 шаршы метрлік көпфункционалды зал бар, ал екінші қабатта үстел теннисіне арналған зал жабдықталған. Әзірге мұнда фудзал, бадминтон, үстел теннисі бойынша жаттығулар жасауға мүмкіндік бар. Болашақта басқа да бағыттарды дамыту назарда.
–Азаматтарымыздың денсаулығын нығайту мақсатында спортпен айналысуына мүмкіндік жасау үшін спорт кешенін салу көптен ойымызда жүрді. Ыңғайлы орын қарастырдық. Мұнда балалар да, ересектер де жаттығу жасай алады. Ниет танытқандардың бәріне есігіміз ашық, – деді Марат Рафхатұлы.
Кәспкердің айтуынша, ересектер айына 3000 теңгеге абонемент алу арқылы аптасына үш мәрте жаттығуға келе алады. Ал балалар үшін жаттығу тегін болмақ.
Бұқаралық спортты дамытуға үлес қосар нысанмен танысқан меймандар жаңа кешеннің жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ дене шынықтыру және спорт басқармасы атынан спорттық ойын құралдары табыс етілді.
Спорт кешені Х.Есенжанов көшесінің 19/1 мекенжайында орналасқан.
Айта кетейік, бүгін Орал қаласында жаңа жүгіру жолы пайдалануға берілді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz

Соңғы жаңалықтар
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді
Жаңа Конституция жобасы – адам құқығы мен бостандығының кепілдігін күшейтуге бағытталған

Кіру
Пікір үстеу