8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Маусым 2020 1985 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА  ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚОСЫМША ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛЕДІ

Орал қаласында демалыс күндері – сенбі және жексенбіде, нақтырақ айтқанда 27 маусым сағат 00.00-ден (жұмадан сенбіге қараған түнгі) 29 маусым сағат 00.00-ге дейін (жексенбіден дүйсенбіге  қараған түн) қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев пен Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков айтты.

Бүгін, 23 маусым күні БҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің демалыс күндеріне  қосымша  шектеу шараларын енгізу туралы жаңа қаулысы шықты. Жаңа қаулыда көрсетілген шектеулер туралы облыс әкімінің  бірінші орынбасары Мұхтар Наурызбайұлы түсіндірді.

Екі күн ішінде азаматтардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Тек жүріп-тұру тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері болған жағдайда жұмыс орнынан анықтамасы (не қызметтік куәлік) болса жұмысына барып-келуіне рұқсат. Сондай-ақ азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмек препараттарын және медициналық бұйымдарды алу үшін тұратын жеріне және жұмыс орнына жақын дүкендерге және дәріханаларға барып сатып алуға болады. Шұғыл жағдайлар бойынша медициналық ұйымдарға баруға рұқсат етіледі. Ал үй жануарларын тұрғылықты жеріне жақын жерде серуендетуге ғана рұқсат беріледі.

Екіншіден қосымша уақытша шектеулер кезеңінде 65 жастан асқан тұлғаларға аса қажет болмаса, көшеге шығуға шектеу қойылмақ.

Үшіншіден, фитнес орталықтары мен басқа да спорттық нысандар жұмысы тоқтатылады. Қоғамдық орындар – саябақтар, скверлер, жағалаулар, жағажайлар және тұрғындардың өзге де демалыс орындары жабық болады. Осы екі күн ішінде қоғамдық көліктер қозғалысы 100  пайыз тоқтатылады.

– Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары мен үйлері, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, азық-түлік және азық-түлік емес сауда желілері тоқтатылғанымен, «үй жанындағы дүкендер» форматындағы филиалдары жұмыс жасай береді.  Сол себепті азық-түлік сатып алуға кедергі болмайды. Ешқандай ажиотаж болмауы керек. Дайындалуға да үш күндей уақыт бар. Оған дейін барлық шаруаларыңызды қамдап, сенбі-жексенбіде үйде отыратындай болуымыз керек. Сондай-ақ қоғамдық тамақтану нысандарының барлығы тоқтатылады. Тек шығарып беру сервисі бар ашық алаңдағы қоғамдық тамақтандыру нысандары жұмыстарын жалғастыра алады, – деді Мұхтар Наурызбайұлы.

Аудан тұрғындары да осы екі күн ішінде облыс орталығына қажетсіз қозғалыстарды шектеуі қажет. Бұл күндері тек жұмысқа баратындар мен шұғыл медициналық көмекке жүгінушілердің  қозғалысына ғана рұқсат беріліп, аудан тұрғындарының қалада жүруіне  рұқсат болмайды.

Қаладағы жаппай дезинфекциялау жұмыстары да осы екі күн ішінде жүргізілмек. Орал қаласы әкімі Абат Шыныбековтың ақпаратынша, әр сауда орталығы, алаңдарда, қоғамдық көліктерде, коммуналдық шаруашылықтар мен адамдар көп жиналаын саябақтарда дезинфекция жүргізілмек. Бұл жұмыстарды атқаруға төтенше жағдайлар басқармасының мамандары және коммуналдық сала қызметкерлері жұмылдырылады.

– 240-тан аса негізгі көшеде, 60-тан аса саябақтар мен алаңдарда және демалыс орындарында, 600-дей аялдамада  дезинфекция жүргізуді көздеп отырмыз. Сонымен қатар пәтер иелері кооперативтері мен көп қабатты үйлердің тұрғындарын өз аулалары мен балалар алаңдарына дезинфекция жүргізуге шақырамыз. Сонымен қатар қалада қозғалыстың көптігі – үлкен мәселе болып отыр. Осы орайда 24 маусымнан бастап, яғни бүгінгі сағат кешкі 23-00-ден бастап, таңғы 6.00-ге дейін барлық көліктердің  қозғалысына шектеу енгізілуде. Тек жедел жәрдем, құтқару және қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуші арнайы құрылымдардың автокөліктерінің қозғалысына рұқсат, – деді Абат Абайұлы.

Сондай-ақ қосымша шектеу шаралары туралы алдағы үш күн бойы мониторинг топтары түсінік жұмыстарын жүргізетінін, қалада азық-түлік қоры жеткілікті екенін және негізсіз абыржуға себеп жоқ екенін жеткізді.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
89 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
205 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
454 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
715 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
954 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
988 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1141 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1337 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1568 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1655 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1766 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1774 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1804 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1807 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1912 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2131 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»