ОРАЛДА БИЫЛ 51 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ
Соның ішінде 29 ауланы кешенді абаттандыру жұмыстары шілде айында басталған болатын. Жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес аулалардың ішкі жаяу және автокөлік жолдарын жөндеу, жарықтандыру,орындықтар, қоқыс жәшіктері,ақпараттық тақталар орнату, сонымен қатар балалар ойын және спорт алаңдарын жаңарту жұмыстар жүргізіледі.
Қазіргі таңда кешенді абаттандыру жұмыстары жүріп жатқан аулалардың бірі – Әлия Молдағұлова көшесіндегі 7-үйдің аумағы.
Жергілікті тұрғындар басталған жұмыстардың нәтижесіне риза екендіктерін айтады. Әсіресе спорт және балалар ойын алаңдарының салынуы қариялар мен балалар үшін ыңғайлы.
– Бұған дейін аулада ескі әткеншек пен сырғанақ болды. Ауланың барлық балалары үшін бұл аздық етеді. Алдағы уақытта жаңа ойын алаңы салынып, балаларымыз емін-еркін ойнайды деп сенеміз, – дейді аталмыш ауланың тұрғыны Александра Судакова.
Ал зейнеткер Бадиға Абжетова ауланың бұрында таза, жайлы болғанын жеткізіп, одан әрі көркейіп жатқанына қуанышты екенін атап өтті.
Қазіргі таңда Орал қаласында 498 аула бар. 2007 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 368 аула абаттандырылған. Ал өткен жылы 11 аула аумағына кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілген.
– Ағымдағы жылы қаламыз бойынша 29 ауланы кешенді абаттандыру жұмыстарын шілде айында бастадық. Абаттандыру жұмыстары төрт бөліктен тұрады. Оның алғашқысы – асфальт төсеу жұмыстары болса, реттілігі бойынша жарықтандыру,орындықтар, қоқыс жәшіктері,ақпараттық тақталар орнату жұмыстары, балалар ойын және спорт алаңдарын салу жұмыстары жүргізілетін болады. Жыл соңына дейін абаттандыру жұмыстарының 3 бөлігі орындалады. Ал балалар және спорт алаңдарын орнату жұмыстары қаржыландыру мәселесіне байланысты келесі жылға ауыстырылды. Сондай-ақ биыл Зашаған кентінде екі аула толықтай абаттандырылды. Ал жыл басынан бері кешенді жөндеу жұмыстарынан бөлек қалалық құрылыс бөлімі арқылы 20-ға жуық аулаға балалар және спорт алаңдарын орнату жұмыстары жүргізілді, – дейді Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиев.
Айта кетейік, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жыл сайын тұрғын үй аулаларын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қараша айынан бастап uralsk.smartmap.kz геоақпараттық порталында кешенді абаттандыру жұмыстарына өтініш беру басталатын болады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу