8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Наурыз 2022 1721 0
Руханият

ОРАЛДА БАТА БЕРУ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Ұлтымыздың ұлттық құндылықтарының бірі – бата беру дәстүрін дәріптеу, жаңғырту және кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында Орал қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сай мектептен тыс жұмыстар орталығының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі аясында «Батаменен ел көгерер…» атты бата беру байқауы өтті.

Байқауға 6 жастағы оқушыдан бастап, 40 жасқа дейінгі ата-ана, ұстаздар – жалпы 41 үміткер қатысты.

Шарапатты шара – ата салтын ардақтап, дәстүрімізді дәріптеуге бағытталғанғанын атап өту керек. Қатысушылар салиқалы сөз саптап, үлкендерден көргенін үлгі етті. Бірінші кезеңде өздерінің таңдаулары бойныша бата берсе, екінші кезеңде жеребеге сәйкес түскен тақырыптар бойынша еркін тақырыптағы, жолға шыққанда, ас қайырғанда, мерекеге айтылатын бата, нәрестеге, жастарға, шаңыраққа берілетін бата-тілекті жатқа айтты. Осылайша, түрлі үлгідегі ақ батаны жаудырып, тыңдарманның дәстүрлік танымы мен өнер өрісін молайтуға себепші болды.

Қазылар алқасы бата берушілердің өнерін бағалауда бата беруімен қатар, сахна мәдениеті, әртістік шеберлігі,  мазмұнын ескеріп, жас ерекшеліктеріне сай екі топта жүлдегерлерді анықтады.

Қатысшылардың барлығы мектептен тыс жұмыс орталығы атынан алғыс хаттарға ие болса, жүлдегерлер қалалық білім беру бөлімінің дипломдары және арнайы сыйлығымен марапатталды.

Орал қаласы білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
35 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
105 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
140 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
406 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
426 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»