ОРАЛДА ҚАТТЫ ЫСТЫҚ БОЛАДЫ
«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, 30 мамыр мен 1 маусым аралығы Батыс Қазақстан облысында 31-36°C дейін қатты ыстық болады.

Жағажайда немесе ыстық күннің астында бас киімсіз және қолайсыз киім киген жағдайда күйіп кетуі мүмкін. Мамандардың айтуы бойынша қатты немесе ұзақ қыздырыну қаупі жылу соққысы мен жүрек жұмысының бұзылуына әкеліп соғады.
Қызып кеткеніңізді қалай түсінуіңізге болады? Терінің қызаруы (күйік), ауыздың құрғауы, қатты шөлдеу, тіпті естен тану және тыныс алу мен жүректің тоқтауы да мүмкін. Күн сәулесі, әсіресе олардың ультракүлгін құрауышы, онкологиялық ісіктерінің пайда болуына ықпал ететінін есте сақтаңыз, сондықтан мөлшерден тыс қыздырынбау керек. Суда және суға шомылу кезінде күнге қыздырыну ең қолайлы тәсіл. Су күн сәулесін бейнелейді және олардың теріге әсерін күшейтеді. Егер адам жылу соққысын алса, оны бірден көлеңкеге, желмен үрлейтін жерге қойыңыз. Көп мөлшерде су ішіңіз, денені дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Құтқарушылар келесі кеңестерді ұсынады:
– Күн астында ұзаққа жүрмеңіз, көлеңкеге жасырыныңыз. Қатты ыстық кезде ашық кең киім киюге тырысыңыз. Бас киім киюге ұмытпаңыз.
– Көп су ішіңіз: тер оның салқындауына әкеледі. Бірақ өте суық сусындарды қолдануға болмайды.
– Дымқыл киімде кондиционері бар үй-жайларда тұрмауға тырысыңыз. Ауа баптағыштарды кемінде 23-25 градус температураға қойыңыз.
– Таңғы сағат 11.00-ге дейін және кешкі сағат 17.00-ден кейін күнге қыздырыну қауіпсіз.
– Қорғаныс кремін қолданыңыз.
– Судан шыққаннан кейін құрғақ орамалмен сүртінуді ұмытпаңыз.
– Алкогольді ішімдік ішпеңіз!
Есте сақтаңыз! Төтенше жағдай орын алған кезде «112» және «101» нөмерлеріне хабарласу қажет.
А.Еремеев, БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы сүңгуірлік-құтқару қызметінің басшысы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу