ОРАЛДА «АРҚАНДЫ САЯБАҚ» АШЫЛДЫ
Балалар мен ересектерге арналған спорттық сауықтыру орны БҚО ТЖД жедел құтқару жасағы базасы аумағында ашылды.

Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың орны ерекше. Сондай-ақ қала тұрғындарының бос уақыттарын таза ауада өткізуі үшін қолайлы жағдай жасалуының маңызы зор. Осы мақсатта ашылып отырған «Арқанды саябақ» қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналатыны сөзсіз.
– Батыс Қазақстан облысы – еліміздегі табиғаты ерекше өңірлердің бірі. «Арқанды саябақты» ашу – Орал қалалық әкімдігінің төтенше жағдайлар басқармасының бастамасы болатын. Олар осы тамаша аумақты ұсынды және саябақты ашу үшін бюджет қаржысы жұмсалған жоқ. Қала тұрғындары үшін азаматтар өз қол күшімен бәрін жасап шықты. Бұл тұрғындардың табиғаттың аясында қауіпсіз демалысы, таза ауада бой жазып, өзін дамытуы үшін жасалып жатқан жақсы бастама деп санаймын, – деді саябақтың ашылуына қатысқан қала әкімінің орынбасары Асхат Кулбаев.
Саябақ 7 гектар аумақты қамтиды. Мұнда жеті кезеңді кедергі орнатылған. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиевтің айтуынша, саябақта алдағы аптадан бастап жұма-сенбі-жексенбі күндері туристік және спорттық жарыстар ұйымдастыру көзделіп отыр.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz

Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу